Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шетелдік әуекомпаниялар Қазақстан әуежайын қолданудан бас тартып жатыр

Шетелдің әуекомпаниялары шетінен Қазақстанның әуежайын қолданудан бас тартып жатыр. Бұл туралы Астанада әуетасымалдаушы компаниялардың басшылары айтты, деп хабарлады 31 арна.

Бұған себеп: Қазақстан әуежайларындағы бағалардың қымбаттауына байланысты. Олар тарифтердің қайта қаралып, мемлекет бақылауына алынуын талап етіп отыр.

Қазіргі кезде British Airways пен Чех әуе компаниялары, ЭЙРБалтик ұшақтары Қазақстанға мүлдем қатынамайтын болған. Бұл әуекомпаниялардың барлығы бірдей экономикалық кедергілерге байланысты ұшақтарын ұшырмай отыр. Себебі әуе нарығында баға саясаты ашық емес, жанармай бағасы өз құнынан әлдеқайда қымбат.

“Инвесторлар ұзақ уақытқа жоспар құрады. Қаржы салып, көп уақыт рейстер шығынға ұшады. Әйтеуір әуе компаниялар енді-енді пайда әкеле бастағанда сіздердегі монополистер бағаны өсіре бастайды. Қазіргі таңдағы сценарий дәл осылай өріліп жатыр”, – дейді «Air Astana» АҚ Қаржы жөніндегі атқарушы директоры Ибрахим Жанлыел.

Әуетасымалдаушылар Қазақстан тарапы ешқандай келісімсіз тарифтерді белгілей береді дейді. Бағаның бақылаусыз әрі ескертусіз тек халықаралық рейстерге қымбаттауы шетелдік компанияларға мүлдем тиімсіз болып тұр дейді олар.

“Барлық әуежайларда халықаралық рейстерді реттеу тоқтатылды. Нәтижесіне Қарағанды әуежайы ұшып-қону тарифін 8,5 пайызға, Өскемен 5,9 пайызға, Астана 30 пайызға қымбаттатқан. Авиациялық қауіпсіздік бағасын Қарағанды 8,5 пайызға, Өскемен 20 пайызға Астана әуежайы 100 пайызға қымбаттаған. Ал, Алматы әуежайында бұл баға 87-пайызға өскен. Әрине, бұл бағалар рейстердің тоқтатылуына кедергі келтірмеу керек. Біз бақылаусыз баға мен түсініксіз қымбаттауды айтып отырмыз”, -дейді ИАТА әуе көлігі халықаралық қауымдастығының өкілі Джордан Карамалаков.

Әуетасымалдаушылар әуе дәліздерін кеңейтіп, транзиттік ағымдардың санын арттырғысы келеді екен. Ол үшін тұрақты бизнес пен  бағаның қалыпты болуы қажет дейді. Билет бағасы әуежайдағы қызмет құнына тікелей байланысты деген компания өкілдері жол ақысының қымбаттауы мүмкін екенін жасырған жоқ.

Тағы оқыңыз: 

Қорғаныс министрлігі кімдердің әскери борышын өтемеуге болатынын айтты

Шымкент тұрғыны жүкті әйелін оңдырмай ұрып, құрсағындағы сәбиін өлтіріп тастады

Нұрлан Нығматулиннің анасы қайтыс болды

Бір адам мерт болды: Алматыда жол апатын жасаған Range Rover көлігінің күл талқаны шықты

Талқылау