Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шетелдік алаяқтармен бірге жұмыс істеген: Абай облысында жігіт зейнеткерлерді алдап, басқа елдің шотына аударған

Абай облысында зейнеткерлер телефон алаяқтарына 24 миллион теңге аударған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Видеодан скриншот

Семейде 19 жастағы жұмыссыз жігіт шетелдік алаяқтарға көмектесіп, арада делдал болған. Ол зейнеткерлерді алдап соғып, сол  ақшаны алаяқтардың шетелдік шоттарына аударған. Осы үшін 50-ден 100 мың теңгеге дейін алып отырған.

Қазан айының ортасында ол қарт адамдарға қоңырау шалып, балалары апатқа түскенін айтқан. Зейнеткерлер 6-7 миллион теңгені қолма-қол берген.

Курьер сол ақшаны банкке барып, шетелдік шотқа аударған. Оны бақылау камералары арқылы полиция анықтады. Қазір ол қамауда. Бірақ үйді тінту кезінде 1,5 миллион теңге ғана тәркіленді. 

“Семей қаласының 19 жастағы тұрғыны ұсталды, оның тұрғылықты жері бойынша тінту барысында ақша, түбіртектер, ұялы телефон тәркіленді. Сондай-ақ жігіттің нұсқауларға сәйкес әрекет еткені анықталды. Қазіргі уақытта осы қылмыстарға қатысы бар басқа адамдарды анықтаймыз”, – деп мәлімдеді Абай облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Шалқар Құнанбаев.

Талқылау