Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Шешіндірді. Қылғындырды. Сол жерде білгенін істеді": такси жүргізушісі зорлаған қыздың оқиғасы

Шымкентте такси жүргізушісі жас қызды зорлап кеткен. Аты-жөні мен бет-бейнесін құпия сақтауды сұраған 28 жастағы бойжеткен сол күнгі жаға ұстатарлық жағдайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісіне өз аузымен айтып берді. 

Бойжеткеннің сөзінше, оқиға 26 тамыздан 27 тамызға ауған түні болған. Таңға таяу құрбысының туған күнінен шығып таксиге отырған. Алдыңғы орындыққа жайғасқан бойжеткеннен көлікті тізгіндеген жігіт тек жасын сұраған. Әрі қарай әңгіме өрбімеген. Бойжеткеннің көзі ілініп кеткен. Бір қарағанда өзінің үйінен өтіп бара жатқанын байқаған. Бойжеткен "Қайда барамыз?" дегенде, такси жүргізушісі бірден "Өлтірем сені" деп көлікті кілттеп үлгерген. 

"Біздің үйден ары қарай қыр. Айдала. Тек кей жерлерде зауыттар бар. Сол жерге апарды мені. Машинадан түс деді. Мен түспеймін дедім. Екеуміз қарсыластық. Сосын ол мені тепті. Көзімнен тепті. Қылғындырды. Бір есімді білем. Ананың түрін көрейін десем, көре алмаймын",-дейді зәбір көрген қыз.

Бойжеткен жүргізушінің арам ойын жүзеге асырмауы үшін қолынан келгенін істеп баққан. Десе де такси жүргізушісі ойына алған ісін істеп тынған. 

"Аға, мені алып кетіңізші деп жалындым. Қараған жоқ. Қайта келді де қылғындырды. Ол мені өлтіріп кеттім деп ойлады",- дейді 28 жастағы азаматша.

Зардап шегуші Еңбекші аудандық полиция басқармасына осы іс бойыншар арызданған. Полиция басқармасының мәліметінше, бүгінде күдіктіні іздеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Шымкентте такси жүргізушісі жас қызды зорлап тастағанын хабарлаған едік.

Ескерту! Эксклюзив материалды көшіріп басу үшін редакцияның хат түріндегі рұқсаты қажет! Хат түріндегі рұқсат берілген жағдайда, эксклюзив материалды жарияланған уақытынан 24 сағаттан кейін ғана көшіруге рұқсат беріледі.

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Бас сүйек миы қатты зақымдалған": Дәрігерлер зардап шеккен адамдардың жағдайы қалай екенін айтып берді

ЖКО орнына жедел жәрдемнің 11 бригадасы және ҚР ІІМ ТЖК-нің бір бригадасы шықты

"Алдында 7 адамнан көп өлді": Шымалғанға жиылған жұрт шу шығарды (видео)

Тұрғындар 20 жылдан бері көпір салдыра алмай жүргенін айтты

Шымалғандағы ірі жол-көлік оқиғасы: Зардап шеккен әйел балаларымен жансақтау бөлімінде жатыр

Алматы полиция департаментінде көз жұмған автобус жүргізушісі туралы айтып берді

Шымалғанда теміржолдағы ірі жол апаты: Қаза болғандар туралы ақпарат жаңарды

Бұған дейін екі адамның көз жұмғаны туралы хабарланған еді

Шымалған станциясындағы ірі жол апаты: Пойыздың соғылу кезінде екі бала мен әйел зардап шекті (видео)

Жантүршігерлік жол апатына байланысты тергеу амалдары басталып кетті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысындағы ірі жол апатына байланысты көңіл айтты

Шымалған станциясындағы теміржолда ірі апат орын алды

Шымалған станциясында пойыз автобусқа соғылды: Құрбан болғандар бар

Үлкен жылдамдықпен келе жатқан пойыз жолаушылар автобусына соғылған

Елордада бір жетіден бері 24 жастағы жігіт із-түзсіз жоғалып кетті

Соңғы рет оны адамдар Ұлы Дала мен Мәңгілік ел даңғылының қиылысында көріпті

УДЗ-ға түскен бойжеткен "шайтаннан аумайтын" сәбиін көріп, шошып кетті 

Экраннан баланың бір аунап, күлімдеп қарағанын көрген болашақ ана өз көзіне сенбеді

Бауыржан Байбек Алматы қаласының қадірлі азаматы атанды

Қаланың экс-әкімін оңтүстік астананың қазіргі басшысы Бақытжан Сағынтаев марапаттады
Çàãðóçêà...