"Шешімге келу оңай болған жоқ": Тағы бір блогер хиджабын шешті
Фото: https://www.instagram.com/molyajan_/
Жастар арасында танымал блогер Мөлдір Жиенбаева хиджабын шешкенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Molya Jan жеке парақшасында жазба жариялап, орамалсыз фотоларын жүктеді.
“Бұл қадамға келу оңай емес. Ұзақ ойландым, жүрегімді тыңдап өзімді түсінуге тырыстым. Шешім қабылдау да оңай емес. Мен оны бір күнде немесе бір айда шешкен жоқпын. Бұл іс-әрекетімді біреулер түсінбеуі мүмкін. Кейбірі қабылдап, қолдау білдіреді. Ең бастысы – өзімді алдамау, адал болу”, – деп жазды блогер.
-
"Қараудың өзі жиіркенішті": Мұғалім хиджаб киген оқушыларды тұрғызып, сөгіс жасаған (видео)
-
"Мектепке хиджабпен кедергісіз кірді": Танымал журналист Айдана Меденованың қызын сынады
Блогердің айтуынша, орамалсыз жаңа кезеңге қадам баспақ. Орамалсыз қолдаған жандарға алғыз білдірді.
“Мен үшін қазір жаңа кезең басталды. Жанымда болған әр адамға ризамын. Сіздердің қолдауларыңыз сөзбен жеткізгеннен де қымбат”, – деп түйіндеді ол.
Еске салайық, полиция бетті толықтай жауып тұратын киімге тыйым салу туралы заңның негізгі қағидаларын түсіндіріп жүргенін жаздық.
Бет-әлпетті толық жауып, оны визуалды түрде тануға, соның ішінде бейнебақылау камералары арқылы анықтауға кедергі келтіретін киімдерді кию заң бұзушылыққа жатады. Тыйым салынған киімдер:
- Балаклава;
- Медициналық емес маскалар;
- Никаб және бет-әлпетті тұтас жасырын ұстайтын өзге де киім түрлері екенін түсіндірді.

Астаналық әйел тірі ұлын "өлтіріп", 100-ге жуық әріптесінен ақша жинаған
