"Шерзатты өзінің әкесі өлтірді": Желіде даулы мәлімдемелер жасаған блогер 20 тәулікке қамалды
Коллаж Stan.kz
Сот әлеуметтік желіде марқұм Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубайды өз ұлын өлтірді деп ашық айыптаған, "Доктор" лақап атымен танымал блогер Бауыржан Әбдірахманға қатысты шешім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сот блогердің мәлімделерін жалған әрі жала жабу деп танып, оған 20 тәулікке қамауға алу жазасын тағайындады. Блогер әлеуметтік желіде көпшілік алдында кешірім сұрауға міндеттелді. Сонымен қатар ол марқұмның отбасына 400 мың теңге моральдық өтемақы және 500 мың теңге өкілдік шығын төлеуі керек.
Отбасының адвокаты Мейірман Шекеев сот шешімін әділ деп санайтынын мәлімдеді.
"Докторға қатысты сот шешімі шықты. Бұл жеңістің дәмі ерекше. Шерзаттың отбасын орынсыз айыптап келген Доктор енді өз сөзіне жауап берді. Ол кешірім сұрап, өтемақы төлеуге міндетті", – деді Мейірман Шекеев.
Шерзат Полат ісі бойынша екі куәгер не себепті әлі жауапқа тартылмаған: Прокуратура түсіндірді
Шерзат Полаттың үйінің өртенуіне қатысты тергеу тоқтатылды
Айта кетейік, блогер Бауыржан Әбдірахман TikTok желісінде Шерзат Полаттың өліміне қатысты даулы мәлімдемелер жасап видео жариялаған.
"Оның сермеп жүрген пышағы ұлының өліміне себеп боғанына сенімдімін. Ол пышақты тастап, баласын өлтіріп жатқан кезде дүкенге тығылып қалған", – дейді блогер.
Еске салсақ, 2025 жылдың 5 маусымында Жетісу облысының соты Талғарда жасөспірім Шерзат Полатты өлтірді деп айыпталған 9 сотталушыға үкім шығарған еді. 19 тамыз күні апелляциялық сот сотталушылардың үкімін өзгеріссіз қалдырды.

“50 жыл басқа елде тұрған ата-анам артымнан еріп, көшіп келді”: Қазаққа келін болып түскен корейлік ару жаңа отбасы туралы айтып берді
