Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шерзат Полаттың отбасы жаңа баспанаға көшті (видео)

Видеодан скрин

Талғарда кісі қолынан қаза тапқан жасөспірім Шерзат Полаттың отбасы жаңа баспанаға көшті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қуанышты хабарды отбасының адвокаты Мейірман Шекеев бөлісті. Адвакат Қаржаубай отбасының халыққа алғыс білдіретінін атап өтті. 

“Әуелі Алланың одан кейін Асқар , Асхат бауырларымыздың жомарттығының, Алматы облысы әкімдігінің қадағалап, жұмыла көрсеткен бірлігінің және көптеген қарапайым халықтың дұғасының арқасында Қаржаубай отбасына қуаныш силай алдық деп ойлаймын”, – делінген жазбада. 


Талғарда қайғылы оқиға болған көшеге Шерзат Полаттың есімін беру ұсынылды

“Шерзаттың өлімінен кейін сотталушыларды Хасанға жала жабуға көндірген”: Сотта Хасан Қасымбаевтың адвокаты прокуратура мен ҰҚК-ні айыптады


Айта кетейік, адвокат Мейірман Шекеев желідегі парақшасында Қаржаубай Нұрымовтың отбасы қазанда жаңа үйге көшетінін мәлімдеген еді.

Еске салсақ, 2024 жылы 4 қазанға қараған түні Талғарда 16 жастағы Шерзат Полат қаза тапқан еді. Оның өлімі қоғамда үлкен наразылық тудырды. Марқұмның әкесі туыстарымен және жергілікті тұрғындармен бірге әділ тергеу жүргізуді талап етіп, наразылық ұйымдастырды. Бірнеше күннен кейін, 12 қазанға қараған түні Нұрымовтар отбасының үйі толығымен өртеніп кетті. Бас прокуратура өрттің қасақана жасалғанын мәлімдеді. Бас прокурордың орынбасары Шерзат Полаттың үйін өртегендерді анықтау үшін ресейлік спутник қолданылатынын мәлімдеді. Алайда 2025 жылдың 14 тамызында марқұмның үйіндегі өртке қатысты тергеу тоқталғаны белгілі болды.

2025 жылдың 5 маусымында Шерзат Полатты өлтіргендерге қатысты сот үкімі шықты.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 23 Қазан, 2025 21:43
Талқылау