Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот: Соңғы сөзінде Азамат Тоқтаубаев анасына өлең жолдарын оқыды

Фото: Жоғары сот

Шерзат Полаттың өліміне қатысты сотта соңғы сөзінде Азамат Тоқтаубаев анасына өлең шумақтарын арнады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тоқтаубаев соңғы сөзінде Тұрар Рысқұлов ауылын мақтап, онда ешқандай қылмыстық топ жоқ екенін, адамдарының жақсы екенін алға тартты. 

“Менің мінездемемде де көрсетілген. Менің бұзақылық ниетім ешқашан болмаған. Бір үйден екі азамат кетіп, сотталайын деп отыр. Әке-шешемізге де обал, бала-шағамыз жетім қалды. Асыраушысы едік. Балалы болып ата-анамның қадірін біліп жатырмын. Бұрын-соңды істі болдым. Басыма тиді. Енді өмір сүруге көзқарасым бөлек! Қазір жағдайымды ойлаймын. Тек алға! Өмір тоқтаған жоқ. Түзеліп шыққасын өзгеремін. 7 жыл, 15 жыл деп жатыр. Бұл маған ауыр тиеді. Өзімді қоғамға қауіптімін деп есептемеймін. Қателеспейтін адам жоқ!”, – деді ол. 

 Ол Жан Ахмадиевтің шығармашылығын ұнататқанын айтты.

“Бұл кісіні бала кезімнен тыңдап жүремін:

“Қазақпыз ғой, қазақтықты сақтайық.

Қазақпыз ғой, күнә жасап, арымыздан аспайық

Үлкендердің алдында көлденең жатпайық”, – деген өлеңін тыңдаймын. Бірақ неге екенін білмеймін, аяқ асты резонанс туып кетті. Құрметті сот жазамды 7 жыл 2 ай мерзімінде қалдыруыңызды сұраймын”, – деді ол. 

Соңғы сөзін айыпталушы анасына өлең шумақтарын оқып аяқтады. 

“Анашым кешіріңіз бізді!

“Анашым амал барма мына сорға,

Бүркіт ем аспанда ұшқан түстім торға”, – деді ол. 

Еске салайық, 2024 жылы 4 қазанға қараған түні Талғарда 16 жастағы Шерзат Полат қаза тапқан еді. Оның өлімі қоғамда үлкен наразылық тудырды. Марқұмның әкесі туыстарымен және жергілікті тұрғындармен бірге әділ тергеу жүргізуді талап етіп, наразылық ұйымдастырды. Бірнеше күннен кейін, 12 қазанға қараған түні Нұрымовтар отбасының үйі толығымен өртеніп кетті. Бас прокуратура өрттің қасақана жасалғанын мәлімдеді. Алайда үйді өртеген күдіктілер әлі күнге табылған жоқ.

Гүлсезім Мұхатай
Сейсенбі, 03 Маусым, 2025 12:06
Талқылау