Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Шерзат Полаттың өлімі: Куәгер кімнің мылтықпен оқ атуды бұйырғанын айтты

Фото: Видеодан скрин

Талғардағы 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты тың деректер айтылды. Сотқа келген куәгер Наргиза Незмединова былтыр қазанның 4-іне қараған түні көрген-білгенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентті хабарлайды.

Куәгердің айтуынша, бәрі Шерзаттың анасының айғайынан басталған. Ол “Балам, балам” деп Шерзатты шақырған. Оның жанайқайы куәгердің назарын аударған. 

Бірде Шерзат жүгіріп кеткен, оның артынан ағасы жүгірген. Наргиза дүкеннің маңынан қара түсті киім киген ер адамды көрген. Ол “ат” деп айғайлаған. Содан кейін Шерзаттың анасы мен бірнеше жігіт оның артынан жүгірген. 

Сөйтіп тұрғанда куәгер Шерзатты соққыға жығып жатқандарын көрген. 

“Алғашында жұдырықпен ұрып жатыр екен деп ойладым. Бірақ шоқпар секілді бірдеңе болды”, – деді Наргиза.

Оқиға болған сәтте тым қараңғы болғандықтан Шерзатқа кімдердің шабуыл жасағандарын көрмей қалған. 

“Терезені ашқанда қызды көрдім. Ол жігітпен бірге дүкен жаққа қарай кетіп бара жатты. Қыздың шашының түсі сары еді. Бірақ бет-жүзін көре алмадым. Анасы баласын қорғап жатқанда ағасының де жерде жатқанын көрдім. Бәрі кеткеннен кейін есік алдына жүгіріп шықтым. Дүкеннің алдында ақ немесе сұр түсті көлік тұрды”, – деді куәгер.

Бұған дейін Қаржаубай Нұрымов Шерзатқа қастандық жасар алдында кімнің бұйрық бергенін айтқан еді. 

Еске салайық, 2024 жылы 4 қазанға қараған түні Талғарда 16 жастағы Шерзат Полат қаза тапқан еді. Оның өлімі қоғамда үлкен наразылық тудырды. Марқұмның әкесі туыстарымен және жергілікті тұрғындармен бірге әділ тергеу жүргізуді талап етіп, наразылық ұйымдастырды. Бірнеше күннен кейін, 12 қазанға қараған түні Нұрымовтар отбасының үйі толығымен өртеніп кетті. Бас прокуратура өрттің қасақана жасалғанын мәлімдеді. Алайда үйді өртеген күдіктілер әлі күнге табылған жоқ. 

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 05 Мамыр, 2025 16:41
Талқылау