Қазақстанда тағы бір жол ақылы болмақ

Фото: depositphotos.com
Қазақстанда тағы бір жол ақылы болмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
13 мамырда көлік министрінің Шу–Бурылбайтал автожолын ақылы пайдалану туралы бұйрығы күшіне енеді.
Құжатқа сәйкес, 13 мамырдан бастап Шу–Бурылбайтал автожолының Мерке–Шу–Бурылбайтал учаскесі ақылы негізде пайдаланылады.
Жеңіл көліктер үшін жол ақысы тегін болады. Ақылы жолдың ұзақтығы – 175 шақырым.
Жылына 100 миллиард теңге: Қазақстандағы ақылы жолдардан түсетін ақша қайда жұмсалады
Қазақстандағы ақылы жолдарға арналған абонементтердің бағасы қанша
- 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейін жүк көліктері үшін – 1 213 теңгеге дейінгі (бекеттегі төлем) және 1 032 теңге (алдын ала төлем).
- 32 орынға дейінгі автобус тар және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейін жүк көліктері үшін – 2 446 теңге (бекеттегі төлем) және 2 083 теңгеге дейінгі (алдын ала төлем).
- 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі автопоездар үшін – 3 659 теңгеге (бекеттегі төлем) және 3 115 теңге (алдын ала төлем).
- Жүк көтергіштігі 10 тоннадан жоғары 15 тоннаға дейінгі жүк көліктері үшін – 4 892 теңге (бекеттегі төлем) және 4 156 теңге (алдын ала төлем).
- Жүк көтергіштігі 15 тоннадан жоғары жүк көліктері мен тіркемелері үшін – 6 105 теңге (бекеттегі төлем) және 5 188 теңге (алдын ала төлем).
Сонымен қатар жүргізушілер үшін айлық және жылдық абонементтер қарастырылған. Ай сайынғы абонементтің құны көлік құралының түріне байланысты 1-5 АЕК, ал жылдық абонементтің құны 12-60 АЕК арасында.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда ақылы жолға қарызы бар жүргізушілердің көлігін сатуына шектеу қойылатыны туралы жазған едік.
“Сыйлықтар сыйлап, кемінде бір пәтер алғызатын адам”: Неліктен қазақстандық бойжеткендер тоқал болуға келіседі