Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шерзат Полаттың әкесіне қатысты қылмыстық іс қозғалуы мүмкін бе – Бас прокуратура жауабы

Фото: Жоғары сот

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық іс туралы пікір білдіріп, оның әкесіне іс қозғалуы мүмкін бе деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Шындалиевтің пікірінше, сот жоғары деңгейде өткен.

"Мен тек күдіктілердің туыстары немесе басқа адамдардың сөздеріне сүйеніп, пікір білдіре алмаймын. Қылмыстық іс қозғау үшін жеткілікті негіздер болуы керек. Қылмыстық қудалау органы іс қозғау туралы шешімді тиісті арыз түскен жағдайда ғана қабылдайды. Ал арыз берілді ме, жоқ па, мұны білмеймін," – деді ол.

Оның айтуынша, бұл іс бойынша үкім әлі заңды күшіне енбеген. Сондықтан тараптардың оны даулауға уақыты бар.



"Процесс сапалы, ашық және объективті өтті. Үкім шығарғанда барлық дәлел мен айғақтар ескерілді. Ашық сот процестерінің мақсаты – қоғамға соттың әділ әрі ашық түрде өтіп жатқанын көрсетіп, күмән қалдырмауы" , – деп қорытындылады спикер.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 11 Маусым, 2025 16:20
Талқылау