Шерхан Қалмұрзаның анасы өзіне қатысты айтылған сындарға жауап берді
 Фото:Stan.kz collage
Фото:Stan.kz collage
Алматылық “Қайрат” футбол клубының жас қақпашысы Шерхан Қалмұрза Чемпиондар лигасындағы дебюттік ойындарынан кейін желі жұлдызына айналды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Осыдан кейін оның анасы да көпшіліктің назарына ілікті.
Шерханның анасы желіде ұлымен түскен суретін жариялаған соң, сол суреттің астына қақпашының анасын киімі мен биіне қатысты сынаған пікірлер көптеп жазылды.
“Қуаныңыз әрине, бірақ киіміңіз қандай ерсі?!”, “Не үшін былай хайп жасап жүрсіз? Қайратта үш қақпашы бар. Ертең ұлыңыз "Оқжетпесте" қосалқы құрамда отырмасын?”, “Анасы емес, апайы сияқты”, “Ей, осы бізге не жағады? Сонда мамасы болса, ұзын етекті көйлекпен шығуы керек пе? Ондай көйлек кисе, кемпір деп тағы сөгеміз. Әп-әдемі жарасып тұр”, “Мамасын Джей Ло ма деп қалдым”, “Не кисе де әп-әдемі жарасып тұр. Мәселе киімге байланысты емес”, “Біздің жігіттердің аналары Беллингемдердің аналарынан асып түседі екен”, “Не істеп жүр? Жап-жас екен деп бір рет айтып қалып, қайта-қайта не істеп жүр?” — деген сынды пікірлер жазылды.
Бұл пікірлерден кейін Шерханның анасы Instagram парақшасында видеоүндеу жасады.
"Ұлыңның жетістігіне кім қуанбайды? Балаңыз грантқа түссе де қуанар едіңіздер ғой! Неге менің видеоларымды бөлісіп, жаман сөз жазасыздар?" — деді ол.
Сонымен қатар Шерханның анасы оған көп журналистер хабарласып, телеарна сұхбаттарға шақырғанын, бірақ ол Шерханның командалас ағаларын сыйлағандықтан сұхбаттан бас тартқанын айтты.
 
Үй алудың жаңа мүмкіндіктері: Алдағы уақытта қандай тұрғын үй бағдарламалары іске қосылады
 

