Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шенеуніктің нөмірі деп ойлаған: Журналист Трамп әкімшілігінің құпия чатына қалай қосылып кеткені белгілі болды

Atlanticа-ның бас редакторы Джефф Голдберг Signal мессенджерінде Ақ үй шенеуніктерінің йемендік хуситтерге соққы беру жоспарларын талқылаған құпия чатына абайсызда қосылып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: The Atlantic

Ол АҚШ президентінің кеңесшісі Майк Уолтцтің қателігінен болған екен. Смартфонында электрондық пошта мәтінінде бір адамның телефон нөмірі болса, ол автоматты түрде сақталып қалады.

Негізі кеңесші чатқа шақыртуды Голдбергке емес, Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік өкілі Брайан Хьюзге жіберуі керек.

Президент әкімшілігінің техникалық қолдау қызметі оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп, оның қорытындысын өткен аптада Трамп пен Ақ үйдің басқа шенеуніктеріне хабарлаған.

Тергеу Уолтц пен Голдберг арасында немесе Хьюз арасында тікелей байланыс болмағанын анықтады.

Басылымның мәліметінше, бұл Голдберг өткен қазан айында Трамптың сайлауалды штабына жіберген электрондық хаттан басталды. Ол Трамп пен әскерге қатысты мақалаға түсініктеме беруді сұраған екен. 

Сайлау науқанының қызметкері Стивен Чангпен және басқалармен сөйлескеннен кейін ұлттық қауіпсіздік өкілі Хьюз журналист Голдбергтің хатын көшіріп, Уольтцке жіберген. Ал хатта журналистің поштасы мен телефон нөмірі жазылып тұрған. Ол сол аты-жөні мен нөмірді қоса көшіріп жіберген болса керек. 

Уольтцтың телефонына осылайша хатта жазылған журналистің нөмірі Хьюздікі деп сақталып қалыпты. 

Бір қызығы, содан бері Уольтц бұған дейін екі нөмірді шатастырмай, Хьюзге бірнеше рет қоңырау шалып, хабарламалар жіберіп жүрді.  Бірақ чатқа қосатын кезде қате нөмірді қосып қойған.

Әкімшілік Голдбергтің сол чатта болғанын редакция түсініктеме сұратпағанша білмепті.

Еске салсақ, бұған дейін Трамп әкімшілігі журналисті кездейсоқ құпия чатқа қосып жібергені айтылды. 

Талқылау