Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шенеуніктер зейнеткерлерге Көкшетауда қоғамдық көлікте қалай тегін жүруге болатынын түсіндірді

Көкшетауда 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнеткерлер қоғамдық көлікте тегін жүре алады. Ол үшін не қажет екенін облыс әкімдігі түсіндіріп берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik

2019 жылдан бастап Көкшетау қаласы әкімдігінің қаулысымен қоғамдық көлікте тегін жүруге болатын 16-санаттағы азаматтар жеңілдетілген санатқа енгізілді. Олардың арасында жасы бойынша зейнеткерлер болмаған еді. Енді аталған қаулыға толықтыру енгізілді.

“Мемлекеттік ветеринария орталығының мәліметінше, Көкшетау қаласында зейнеткер мәртебесі бар 29 477 тұрғын тіркелген. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында Көкшетау қаласының әкімдігі мен тасымалдаушылар арасында жасалған меморандумға сәйкес, жеңілдетілген карточкалар шығарылғанға дейін үш ай ішінде зейнеткерлер санатын тасымалдау тегін жүзеге асырылады", – делінген хабарламада. 

Осы үш ай ішінде облыс орталығының зейнеткерлері жол жүруге жеңілдік картасын алуы тиіс. Ол үшін Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласуы керек. Сондай-ақ тиісті орынға хабарласқан адам шынымен зейнеткер екенін және Көкшетау қаласында тіркелгенін растайтын анықтама алуы қажет.

"Одан әрі алынған анықтамамен картаны алу үшін Б.Әшімова, 243 мекенжайы бойынша "KoksheBusTolem" ЖШС-не хабарласу қажет. Себебі ұйым электронды билетті сату жүйесінің операторы ", – делінген хабарламада. 

Талқылау