Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шенеунік Арыстағы үйлерді жөндеуге бөлінген қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді

Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Арыс қаласындағы үйлерді жөндеуге бөлінген қаржыны жымқырды деген күдікке ілініп отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады.

2019 жылғы тамыздан желтоқсанға дейін басқарма басшысының орынбасары және мердігер ұйымның қызметкерлер тобы 50 миллион теңгеден астам (119 мың доллардан астам) аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деп болжанып отыр.

Ақша Түркістан облысы Арыс қаласында төтенше жағдайдың салдарын қалпына келтіру үшін 46 тұрғын үйді жөндеуге бөлінген, деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде.

Арыс қаласындағы әскери бөлімдегі жарылыстар
Арыс қаласының жанындағы арсеналда 2019 жылғы 24 маусымда өрт болды. Бұл оқ-дәрілердің бір бөлігінің жарылуына әкелді. Екі әскери қызметші мен жергілікті тұрғын қаза тапты. Төрт айдан кейін сапер оқ-дәрілерді жою жұмыстары кезінде көз жұмды.

Арыс Шымкенттен 85 шақырым және Түркістаннан 168 шақырым жерде орналасқан, халқы шамамен 45 мың адамды құрайды. Зардап шеккен қаланы қайтадан қалпына келтіруге тура келді.

Арыстағы 8 мың үйдің ішінде өткен жылғы жарылыс кезінде 7 мыңнан астамы бүлінген. Оның 400-і қайта салынды. 

Бұған дейін жергілікті тұрғындардың жаңадан салынған үйлердің сапасына шағымданғаны хабарлаған. 

Талқылау