Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шекараны кесіп өткен азаматтарға қатысты сотта шу шығарғандар қамалды

Қазақстан шекарасын заңсыз өтті деп айыпталған Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлының сотына барған бірнеше адам қамауға алынды. Олар Зайсан ауданында өткен сот процесі кезінде өздерін ғимаратқа кіргізуді талап еткен адамдардың арасында болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

ұсталды

"Жоқ, шықпаймын мен. Мен неге шығуым керек? Неге ана отырған кісілерді шығармайсыздар?", - деп ашу шығарды сотты көруге келген азаматтардың бірі. 

Айқай-шу екі азаматқа қатысты сот отырысының уақытында басталмауынан шығыпты. Сот залына сыймай, далада қалған адамдар ішке күшпен кірген еді. Оларды тоқтатпақ болған полиция қызметкерлерін тыңдаған адам жоқ. Сот үкімі жарияланған соң, жан-жақтан жиналған жұрт разы болып, тарқасыпты. Бірақ Зайсан қаласынан қайтқан азаматтарды полицейлер жолда ұстап, аудандық полиция бөліміне алып барған. Құқық бұзған үш адам қамауға алынды. 

"Полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағаны және олардың жұмыстарына кедергі келтіргені үшін екі азамат 5 тәулікке, бір тұлға 3 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды", - деп мәлімдеді ШҚО сотының судьясы Назгүл Рахметуллина.

Талқылау