Шай немесе кофе – ағзамызға қайсысы пайдалырақ?
Бұл екі сусынның бір-бірінен артықшылығы жайында өз уәжін алға тартқан даулар күні бүгінге толастар емес. Алайда ғылым не дейді?
Оятқыш әсері
Көбіміздің кофеинге ағзамызды бірден оятатын әсері үшін ерекше ықылас танытатынымыз жасырын емес. Кофеин – біздің ағзамыз таңертеңгісін сықырлап, әлсіздік таныта бастағанда дер кезінде қозғалтқыштарымызды іске қосатын май іспетті.
Ал егер сусындардың тек құрамын ғана негізге алар болсақ, кофе оңайлықпен жеңіс шыңына жететін еді. Оның себебі: шайдің бір шынысындағы кофеин (40 миллиграмм) қайнатылған сұрыпталған кофенің стандартты бір шынысындағы ынталандырушы кофеин мөлшерінің (80-115 миллиграмм) жартысына жуығын құрайды екен. Бірақ қос сусынның құрамындағы бұл көрсеткіш олардың ағзаңызды сілкіп оятар күшіне әсер ете бермейді.
Екі сусын да тәжірибе қатысушыларына әр таң сайын серпіліс беріп, бірдей нәтиже көрсетті.
Зерттеу барысында атап өтетін жайт – жүргізілген тәжірибе уақытында тәжірибеге қатысушыларға әр таң сайын шай немесе кофе ұсынылып, екі сусын да тың серпіліс беретін әсерімен бір-бірінен қалыс қалмады.
Зерттеу нәтижелері сергектіктің субъективті сезімдеріне негізделгенмен, қос сусынның да ағзаға тигізер әсерінің айырмашылықтары мен адамның жауап қайтару жылдамдығы сынды нақты көрсеткіштерін анықтау қолымыздан келмеді.
Ақиқатында, егер сіз күштілігі кофеден кем түспейтін шай ішсеңіз, оның зейініңіздің артуына әлдеқайда әсері мол екендігі дәлелденген. Ғалымдар ағзаны дүр сілкіндіретін тек сусынның құрамындағы кофеин мөлшері ғана емес, адамның сусыннан күтер үміті мен сенімі немесе сезімін оятар сүйікті дәмі мен иісінен алған әсері де болуы мүмкін деген қорытындыға келді.
Аралық есеп: таңертеңгі сергектік сыйлайтын қасиетке кофе ғана емес, шай да ие сияқты. Бұл номинацияда теңбе-тең.
Ұйқы сапасы
Сусындар арасындағы айқын айырмашылық сіз басыңызды құс жастыққа төсегенде танылады.
Күнделікті бірдей мөлшерде шай мен кофе ішетін адамдарды салыстыра отырып, Құрама Патшалықтағы Саррей графтығы Университет зерттеушілері екі сусынның да күні бойы зейіннің тұрақтылығына пайдасы мол екенін дәлелдеді. Дегенмен, олар жасаған зерттеу нәтижесінде кофе ішкен адамдарға түнде ұйықтау оңайға түспейтіні аңғарылып, оған себеп кофеиннің көп мөлшерінің адам ағзасына теріс әсері болуы мүмкін деп тұжырымдалды.
Кофеге қарағанда шайды жөн көретін адамдар керісінше тыныш әрі тәтті ұйқыға батады екен.
Аралық есеп: шай кофе ұсынатын артықшылықтардан еш қалыс қалмайды, ал мәселе ұйқысыз түнге келгенде, шай таза жеңіске иемденеді.
Тістегі дақ
Қызыл шарап сияқты кофе мен шай да біздің маржандай аппақ тістерімізді қоңыр-сары түске бояй алады. Бірақ қайсысының залалы күштірек?
Шайдың құрамындағы бояғыш заттардың тісте дақ қалтыру мүмкіндігі кофеге қарағанда әлдеқайда жоғары екендігін көптеген тіс дәрігерлері мойындап, ол залалды, әсіресе, сіз ауыз қуысын шайқау үшін қолданатын антисептиктердің құрамында жиі ұшырасатын, микробөлшектерді бір-біріне тартып, байланыстыратын хлоргексидиннің үдететінін айтады.
Аралық есеп: егер маржандай тістеріңіз бен көз тартар күлкіңізді сақтағыңыз келсе, кофенің зияны айтарлықтай аз.
Тынышсызданған жанға шипа…
Шайдың жүйке жүйеңізді тыныштандыратын қасиетін растайтын дәлелдер бар: шайды үнемі ішетін адамдардың қорқыныш туғызатын жағдайларда (көпшілік алдында сөз сөйлеу) өздерін бірқалыпты ұстай алады.
Кей деректерге қарағанда, шай жүйке жүйеңізді тыныштандырады.
Күніне үш пиала шай ішетін адамдарда күйзеліске түсу қаупі шай ішуді құп көрмейтін адамдарға қарағанда 37 пайызға төмен.
Бұл ретте кофенің айтарлықтай абыройы жоқ, тіпті, кофе ішкеннен кейін өздерін жүйке жүйесі сыр бергендей сезінген адамдар да бар екен.
Дегенмен, кофенің ұзақ мерзімді жұмыс барысында психикалық денсаулығыңызға қатысты қиындықтарға тосқауыл болатынын айғақтайтын дәйек-негіздер де жоқ емес.
Жақында жасалған “мета–анализ” (300 000-нан астам адам қатысқан тәжірибе) бір күн ішінде ішілген кофенің әр шынысы күйзелістің өршу қаупін 8 пайызға төмендететінін анықтауға мүмкіндік берді.
Аталмыш сусындардан өзгелері, мысалы тәтті алкогольсіз сусындар жан ауыруын үдету қаупіне ие. Бұл қатарға ғалымдардың жұмсаған еңбегі мен жүргізген зерттеулеріне қарамастан, ағзаға тигізер ықпалын ескере отырып, бір қасық қарамайды да қосуымызға тура келеді.
Салыстырылып отырған екі сусынның өзгелерден басымшылық таныту сыры екеуінің де күйзеліске ұшырау қаупінің алдын алып, ұзақ уақыт көтеріңкі көңіл сыйлауға сеп боларлық құнарлы заттардың қоспасы екендігінде жатуында ықтимал.
Аралық есеп: шектеулі дәйектерге сүйенсек, тағы да теңбе-тең.
…және тәнге шипа
Шаймен қатар кофенің де адам денсаулығына пайдасы зор екендігі нақты тұжырым жасауымызға нүктесін қоймаса да, зерттеуімізді одан әрі шиеленістіре түседі.
Мысалы, бір күн ішінде ішілген бірнеше кофе немесе шай шынысының қант диабетінің алдын алатыны үш ұйықтасақ та түсімізге кірмеген. (Бірақ та, оның пайдасы қаншалықты екендігі әлі күнге дейін дау тудырады: сандық көрсеткіш 5 пен 40 пайыз аралығында өзгеруде).
Екі сусынның да бірнеше шынысы қант диабетінің алдын алады.
Кофе құрамындағы кофеинсіз-ақ пайдасын өзгертпейтіндіктен, құрамындағы басқа да құнарлы заттар әрі қарай да қандағы глюкозаның қарқынды бөлінуіне ықпал етіп, инсулинді сезу қабілетін төмендету арқылы ағзадағы зат алмасу үдерісіне әсерін тигізеді. Ал бұл үдеріс қант диабетіне алып келеді.
Екі сусын да жүрек жұмысының қалыптылығын сақтау ерекшелігімен көзге түсе алмады.
Бұл тұста жоғарыдағы сөзімізге ара түсіп, кофенің жүрек жұмысын қалыпта сақтайтынын, ал шай құрамындағы антиоксиданттардың арқасында обыр дертінің асқынуына тосқауыл болатынын растайтын деректердің де бар екенін атап өту керек.
Аралық есеп: Теңбе-тең.
Айта кетсек, аралық есеп қорытындылары да теңбе-тең нәтиже көрсетті. Десе де, шайдың тәтті ұйқыға тигізер себі бар екенін негізге ала отырып, бұл сусынды жеңімпаз деп атауға ниеттіміз.