Шавкат Рахмонов UFC тарихында алғаш рет P4P рейтингінің үздік 15-тігіне кірді
Фото: Шавкат Рахмоновтың желідегі парақшасынан
Қазақстан аралас жекпе-жек спортының тарихында жаңа белеске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жартылай орта салмақта өнер көрсететін Шавкат Рахмонов UFC-дің салмақ дәрежесіне тәуелсіз рейтингінде (P4P) үздік 15 спортшының қатарына қосылды.
Бұл өзгерістер Хамзат Чимаевтың Дрикус дю Плессиға қарсы титулдық кездесудегі жеңісінен кейін орын алды. Чимаев бірден он саты көтеріліп, төртінші орынға жайғасты. Ал бразилиялық Чарльз Оливейра рейтингтен түсіп қалып, оның орнына қазақстандық "Номад" енді.
Қазіргі уақытта P4P рейтингінің көшін жеңіл салмақтағы чемпион, испан-грузин спортшысы Илия Топурия бастап тұр.
Рахмонов соңғы кездесуін 2024 жылдың желтоқсан айында өткізіп, ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген болатын.
Айта кетейік, UFC тарихында алғаш рет Қазақстан атынан шыққан спортшы салмақ дәрежесіне қарамай үздік 15 қатарына еніп отыр.

Екі қыз анасыз қалды: Атырауда ер адам әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінді
