Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шавкат Рахмонов келесі жекпе-жегі туралы сұраққа жауап берді

UFC файтері Шавкат Рахмонов келесі жекпе-жегі туралы сұраққа жауап берді. Бұл жайлы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Шавкат Рахмонов

Рахмонов келесі жекпе-жегі Абу-Даби қаласында өтсе, қарсы болмайтынын жеткізді. 

"Әзірге жекпе-жек туралы ақпарат жоқ, өзім де күтіп жүрмін. Абу-Дабиде өткенін қалаймын ба? Неге өткізбеске, мұнда қазақстандық жанкүйерлер келіп, жекпе-жекті тамашалар еді", – деді ол "Вестник ММА" арнасына берген сұхбатында. 

Еске салайық, Рахмоновтың UFC-дегі жекпе-жегі қашан өтетіні белгісіз. Дегенмен дереккөздің мәліметінше ол октагонға 21 қазанға қайта оралуы мүмкін. Дәл осы күні Біріккен Араб Әмірлігінде үлкен турнир өтеді. 

Назархан Уән
Дүйсенбі, 26 Маусым, 2023 13:27