AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Шашым мен тісім түсіп қалды”: Актер Әбілмансұр Серіковтің бұрынғы әйелі өткен өмірі жайлы айтты

Отандық актер Әбілмансұр Серіковтің бұрынғы жары Фариза Ещанова өткен өмірі туралы айтты. Актриса бұрынғы отбасымен қазіргі арақатынасы туралы сөз етті. Күйзелістен өткен қиын шақтарын еске алды. 

Бұл туралы “Ақ мама” бағдарламасында айтылды. 

Фариза Ещанова отандық киноларда, сериалдарда бой көрсетіп жүр. Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының түлегі. Актер Әбілмансұр Серіковтің бұрынғы жары. Екі баланың анасы. Бүгінде екі балаға өзі ана, өзі әке. Жолдасымен 3-4 жыл бұрын айырылысып кеткен. Алайда бұрынғы қайын жұртымен жақсы қатынаста. 

“Мен жолдасыммен академияда оқып жүргенде таныстым. Ол кезде мен 2-курс оқимын, жолдасым 3-курс оқыды. Өзім 4-курс оқып жүргенде махаббаттан басым айналып, тұрмыс құрдым. 6 жылдай бірге тұрдық. Ата-енеммен бірге тұрдым. Екі баламыз өмірге келді. Бірақ екі жаққа кеттік. Ол халықтың адамы болған соң бәрін ашып айтқым келмейді. Ол туралы жаман нәрсе айтуға құқығым жоқ. Қазір әйелі бар. Сондықтан бәрін жалпылай айтып отырмын”, – деді Ещанова. 

Актриса ажырасқан алғашқы жылдардың өзіне ауыр соққанын жасырмайды. Тіпті күйзелістен шашы мен тісі түсе бастапты.

“Бастапқы екі жарым ай ауыр тиді. Шашым, тісім түсе бастады. Сондықтан өзімді қолға алу керек деп шештім. Менде махаббат үшін күресетін күш болмады. Қазір отандық сериалдарға түсіп жүрмін. Екі балама өзім әке, өзім анамын. Балаларым талантты. Үлкен ұлым актер болғысы келеді. Оның әкесі де, ата-әжесі де өнерге жақын болғандықтан қанында талант бар. Халықтың адамы болғысы келеді. Ата-енем мені ешқашан келін демеген. Үнемі қызым дейтін. Әлі де солай атайды. Сондықтан ата-енеммен қарым-қатынасымыз жақсы. Ата-ене тәрбиесін көрген келінмін”, – дейді ол. 


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр