Соңғы жаңалықтар

"Шашым ағарып, жүйкем қалмай бітетін шығармын": Динара Сұлтан бала тәрбиесі туралы

Әнші Динара Сұлтан бала-шағасының ер жетуін асыға күтіп жүргенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Динара Сұлтан

Жуырда он жылдан кейін тұрмысқа шығып жұртты шулатқан Динара Сұлтан балаларына жазба арнады. Әнші бала тәрбиесінің кез келген ана үшін қиынға соғатынын жасырмайды. 

«Кейде отырып алып күлемін. Осы балаларым өскенше менің шашым ағарып, нерв қалмай, қартайып бітетін шығармын деп. Осының бәрі уақытша ғой. Өседі, өнеді, естері кіреді Алла қаласа», - дейді ол. 

Сондай-ақ, көп уақытын өзіне емес, тек балаларына арнайтынын жасырмады. Мұны жақындары да өзіне жиі айтады екен. 

«Қасымда жүрген таныстарым кейде «Сен қашан өзің үшін өмір сүретін боласың» деп сұраған кезде не айтарымды білмей қаламын. Келе жатқан мақсат осы емес пе деп ойлаймын. Ал сіз «Өзің үшін өмір сүру» деген сөзді қалай түсінесіз?» - деп сауал тастады әнші оқырмандарына. 

Естеріңізге сала кетсек, жуырда әнші неліктен он жыл заңды некелеспегенін түсіндірген-ді

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр