Шарындағы қайғылы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды
Шарын шатқалындағы қайғылы жағдайға байланысты екі қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Алматы облысы ПД баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Екі қылмыстық бап (306 - бап 3-б.және 141-бап 2-Б.) бойынша тергеу басталды. Олар: 306-баптың 3-бөлімі - абайсызда кісі өліміне әкеп соққан қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету, 141-баптың 2-бөлімі - абайсызда жас баланың өліміне әкеп соққан балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау", - деп атап өтті ведомствода.
Естеріңізге сала кетсек, 29 мамыр күні Алматы облысының Шарын шатқалында сел жүріп, 2 адам мерт болып, 1 адам із-түзсіз жоғалғаны, тағы 6 адам зардап шеккені хабарланған болатын. Шарындағы селден аман қалған қыз қалай құтқарылғанын айтып берді.
"Тірі қалады деп ойламадық": Шарын шатқалында аман табылған қыздың жақындары оқиға жайлы айтты

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
