Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шариғат бойынша тырнақты қай күні және қалай алған дұрыс

Бейсенбі мен Жұма күні тырнақ алса, бәле-жала жоламайды әрі бай болады деген рас па?

Әлсіз бір хадисте: «Кім пақырлықтан, зағиптықтан, алапестік пен жынданудан аман қалғысы келсе, бейсенбі күні асырдан соң тырнағын алсын. Аларда сол қолының кішкене саусағынан бастасын», – делінген.

Басқа бір әлсіз хадисте, сахаба Әбу Һурайра (р.а.): «Пайғамбарымыз (с.а.у.) жұма күні намазға шықпай тұрып тырнағын алатын және мұртын қысқартатын», – деген екен. (әл-Бәйһақи).

Әзіреті Әлиден де мына бір әлсіз дерек риуаят етіледі: «Тырнақ алу және қолтық пен ұятты жердің маңайын (түгін) тазалау – бейсенбі күні атқарылады. Ал жұма күні жуынып-шайынып, иіссу себініп, әдемі киімдерін киеді» (Табарани).

Басқа бір әлсіз хадисте: “Кім жұма күні тырнағын алса, келесі жұмаға дейін жамандықтан аман болады”, – делінеді.

Деректерге қарағанда, аталмыш хадистерге хадис ғалымдары «тым әлсіз» деген баға берген. Тіпті бір шамасына «жалған хадис» деушілер де кездеседі.

Десе де, жұма күні намазға шығарда тырнақ алып, жуынып-шайынып, үсті-басын ретке келтіру мұстахаб амал екендігі рас.

Тағы да оқыңыз:

Қазақстанда шариғатқа сәйкес төлем карталары шығатын болды

Шариғатта иттің құлағы мен құйрығын кесуге бола ма?

Біреу жамандаса, құлақ шыңылдайыны рас па?

Талқылау