Біреу жамандаса, құлақ шыңылдайыны рас па?

Сейсенбі, 15 Тамыз , 2017 8:55

Оң құлағымыз шыңылдаса, біреу мені мақтап жатыр дейміз. Сол құлағымыз шыңылдаса, мені жамандап жатыр дейміз. Осының негізі дінде бар ма?

600x479_0_b3cce6ac9fc9d85e4f031bd738a8354b@800x638_0x59f91261_18977396231394186237

Кейбір хадис кітаптарында құлақтың шыңылдауына қатысты мынадай «әлсіз» риуаят келтіріледі. Онда Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген екен: «Әлдекімнің құлағы шыңылдаса, мені еске алып, маған салауат айтсын. Және былай десін: «Уа Алла! Мені жақсылықпен еске алушыны сен де жақсылықпен еске ал!».

Аталмыш риуаятты хадис ғұламаларының кейбірі әлсіз десе, кейбірі мүлдем «ойдан шығарылған хадис» дейді. Бірақ әл-Хафиз әл-Һәйсәми (р.а.) сынды алып хадисші аталмыш риуаятқа «хасан» деп, баға берген .

Осы риуаятта құлақ шыңылдаудың себебі – әлдебіреудің еске алуында жатыр дегенге ишара бар.  Әйтсе де, оның нақты себебін өзгенің мақтауынан немесе жамандауынан іздемей,  медициналық тұжырымдардан қарастырғанымыз дұрыс.

Қандай болғанда да, құлақ шыңылдаған кезде Пайғамбарымызға (с.а.у.) салауат айтып жатсақ, онымыз артық болмас. Ең дұрысы – Аллаға мәлім.

Тағы да оқыңыз:

Адамға өзгенің қанын құйса, сол адамның мінезі, жүрісіне дейін берілетіні рас па?

Құрбан шалуға қатысты әр мұсылман білуі тиіс 12 дерек

Қыздардың 575 мұсылманша есімі мен олардың мағынасы

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар