Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шардара су қоймасында браконьерлер табиғат қорғаушыларын ұрып-соғып кетті

Браконьерлер Шардара су қоймасындағы қорықшыларды соққыға жықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Отырарға сілтеме жасап.

Инспекторлар Шардара су қоймасында тәртіп бұзушыларды байқады. Бетперде киген адамдар балықты электр қармақтармен тұншықтырған. Браконьерлер қорғаушылардың заңсыз балық аулауды тоқтату талабына  құлақ аспаған.

Порталдың хабарлауынша, алты ер адам арматурамен және ескектермен табиғатты қорғаушыларды аяусыз соққылай бастаған. Екі қорғаушы суға құлаған кезде, оларды электр қуатымен одан әрі баса кетті. Осыдан кейін күдіктілер үш қайықпен оқиға орнынан қашып кетті.

Зардап шеккендер полиция шақырған. Олардың бірі басынан жарақат алып, ауруханаға түсті.

Құқық қорғау органдары мен табиғатты қорғау қызметкерлері күдіктілерді іздеуде. Сотқа дейінгі тергеу "Мемлекеттік орган өкіліне күш қолдану" бабы бойынша жүргізілуде.

Талқылау