"Шапалақпен ұрып, ұшырып жіберді": Жандарбек Бұлғақов бала күніндегі ұрлық жасаған сәтін есіне алды
Фото: Видеодан скриншот
Танымал айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов бала күнінде ұрлық жасап, әкесінен соққы жегенін айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Айтыс өкілі бала кезінде базардағы саудагердің хатын ұрлаған.
“Бала күнімде әкеммен базарға бардым. Жасыл сағат сатып тұр екен. Ондай түсті ойыншық көрмегенбіз. Маған қатты ұнап қалды. Қойдың жағымен ойнап жүрген бала болғаннан кейін ерекше көрінді. Содан мен оны алып алдым. Саудагер көріп қойып, "балам орнына қой, ол сатылады, алуға болмайды" деді. Әкем алдымда жүріп келе жатқан, артына жалт бұрылды да, бүкіл жұмысын тоқтатып, астына қарай түс деді. Екі қабатты сауда үйі еді. Төменге түскеннен кейін ай-шай жоқ, шапалақпен бір ұрып, ұшырып жіберді. "Сен не, өміріңді түрмеде өткізгің келіп жүр ме?!" деді. Осы сөз менің есімде қалып қойды", – дейді айтыскер ақын.
Одан кейін үйіндегі анасы да баласының әрекетіне қатысты қатаң ескерту жасаған.
“Үйге қайтып, бәрі ұмытылған шығар деп ойлап жүрдім. Әкем жұмысқа кеткен, таңертең шай ішім отырғанда анам: "Жандарбек, кеше сен сағат ұрлағансың ба?! Денің дұрыс па?!" деді. Кешегі шапалақтан да қатты өтіп кетті. Кішкентай болсам да сезініп тұрмын. Жерге кіріп кетейін дедім. Әлгі жағдайды бүкіл теледидардан көрсетіп жатқандай сезімде болдым", – деп мұңайған сәтін есіне алды айтыс өкілі.

"Киіктерді өз өмірінің құнымен қорғаған батыр": Қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің қаруланған броконьерлерді қуамын деп қалай қаза тапты
