Шамалғанда болған автобус пен пойыз апаты: Зардап шеккендер әлі күнге дейін өтемақы ала алмай отыр
Шамалған стансасындағы пойыз бен автобустың соқтығысуынан қыздарымен бірге зардап шеккен Эльмира Жәнібекова да болған. Ол оқиғадан бір жыл өтсе де өтемақы ала алмағанын айтады. Сол кезде автобус жүргізушісі қаза болды. Теміржол өткелінде кезекшілікте болған 60 жастағы Досбатыр Ахмеджанов кінәлі деп танылды. Ер адам шартты түрде 3,5 жылға сотталды. Әйелдің отбасына 40 миллион теңге көлемінде өтемақыны "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы және "Қаскелең автопаркі" төлеуі керек еді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап.
Әйел оқиға болған кезде кішкентай қыздарымен автобустың ішінде болған. Апат салдарынан жүргізуші қаза тапты, ал Эльмира қыздарымен бірге зардап шекті. 4 жасар Інжу мен 5 жастағы Аяулым мүгедек болып қалды, енді қыздар қалпына келтіру бойынша арнайы курстан әр 3 ай сайын өтуі керек.
Эльмираның өзі де әлі толық сауықпаған. Әйел 300 мың теңге болатын ауыр ота жасатуы керек. Ал оған отбасының ақшасы жоқ, соңғы бір жылда екі жалдамалы пәтерге ауықан. Қазір туыстарының үйінде тұрып жатыр. Отағасы тұрақтыжұмысқа орналас алмайды, өйткені уақытының көп білігін балаларға қааумен өткізеді.
"Маған қайта ота жасату керек екенін айтты. Бөксе аймағынан сүйек алып, сондай қояды. Одан кейін үстінен пластикамен қатырады. Ал ол палстиканың өзі 150 мыңнан жоғары", - деді Эльмира Жәнібекова.
- "Бәрі мені итеріп, қашып шықты": Шамалғандағы апаттан зардап шеккен әйел оқиғаның қалай болғанын айтып берді
- «Мен ешнәрсе істей алмаймын»: Пойыз қаққан автобус жүргізушісінің соңғы сөзі (видео)
Осы жылдың көктемінде сот "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы және "Қаскелең автопаркін" зардап шеккендердің отбасына 40 млн теңге өтемақы төлеуді міндеттеді. Бірақ сот үкімі әлі орындалмаған.
"Соттың бұл үкімі заңды күшіне енген жоқ. Өйткені "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы және "Қаскелең автопаркін" ЖОО соттың шешіміне аппеляциялық шағым берді", - деді Эльмираның адвокаты Анар Шырынбекова.
Оқиға болған күні тұрғандар апат орнына автомобиль айрығын және жаяу жүргіншілер өткелін салуды талап еткен. Мамыр айында апат болған орыннан 300 метр жерде жұмыстар басталды. Айрықты салуға республикалық бюджеттен 365 млн теңге бөлінген, ал жұмысты аяқтау 2021 жылдың соңына жоспарланған.
"Бүгінгі таңда жолға шамамен 50 пайыз жер төсемін септік. Бұрғылау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, эстакаданың астындағы ұңғымаларды. Эстакада бірінші техникалық дәрежеде болады. Бұл төрт жолақты көпір болады. Әр бағытта екі жолақтан", - деді бас мердігерлік ұйымның басшысы Ісмет Әбілов.
Жаяу жүргіншілер өткелін бітіріп, пайдалануға беріп қойған. Алайда жергілікті тұрғындар әлі де апатты аймақтан өтуді құп көреді.
"Ол жаққа дейін ұзақ, уақыт өткізгің келмейді, мына жерде ыңғайлы", "Көпір істеді, бірақ адамдардың бәрі бұрынғыша осы жерден өтеді, ыңғайлы" - дейді тұрғындар.
Айта кетейік, аппелияциялық сот 2 қыркүйекте өтеді.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
