Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шәкірті үйсіз қалған ұстазына 13 миллион теңгеден аса ақша берді

Калифорния штатындағы Фонтана қаласында тұратын американдық  ер адам бұрынғы мұғалімінің көлікте тұратынын білген соң, оған 27 мың доллар (13 миллион теңге - ред.) берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

gbr

77 жастағы Хосе Вильярруэл (Jose Villarruel) он жылдық тәжірибесі бар мұғалім. Алайда, пандемия басталып, мектептер қашықтан оқытуға көшкен соң, жұмыстан шығуға мәжбүр болыпты. Аздаған зейнетақысы мен жұмыстан алған жәрдемақысы көпке жетпеген. 

Уақыт өте келе көлігінде күнелтуге көшкен.

"Менің денем көліктің барлық кедір-бұдыр жерлеріне бейімделіп алды", - деп қалжыңдады Вильярруэл.

Оның бұрынғы студенттерінің бірі, 21 жастағы студент Стивен Нава ұстазын наурыз айының басында кездейсоқ кездестіріпті. Нава оған 300 доллар табыс етті, содан кейін GoFundMe краудфандинг сайтында қайырымдылық жинауды қолға алған. Көп адамды тарту үшін студент Тиктокта мұғалімнің оқиғасын айтып берген.

Нәтижесінде, бір апта ішінде Нава Вильярруэлге 27 мың доллар қоржынына түскен. Ол өзінің бұрынғы мұғаліміне ақша соммасы жазылған түбіртекті мұғалімінің туған күнінде жіберген. Туған күн иесі бұлай мүмкін емес деп сенбеген. 

Енді Вильярруэл оған көмектескен адамдардың сенімін ақтау үшін мүмкіндігінше жақсы істер жасауды жоспарлап отыр.

Талқылау