Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шақыр бар СЭС-іңді": Алматыда жекеменшік балабақшалардың бірінде дау шықты

Желіде Алматыдағы жекеменшік балабақшалардың бірінде даулы оқиға түсірілген видео тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Бейнежазбадан алынды

Балалардың бірінің ата-анасының айтуынша, жекеменшік балабақшада мүлде жағдай жасалмаған. Тіпті олар баласын алып кетуге барғанда тәрбиеші агрессивті мінез-құлық танытып, “шақыр бар СЭС-іңді” деп, еден жуғышпен шабуыл жасаған. 

Оқиғаға қатысты Алматы қалалық білім басқармасы пікір білдіріп, нысанның жеке мектепке дейінгі ұйым ретінде тіркелмегенін хабарлады. 

"Білім бөлімінің өкілдері мен полиция қызметкерлері нысанды тексеру үшін оқиға орнына барды. Олар бейнекамераға түсірілген нысанның жеке мектепке дейінгі ұйым ретінде тіркелмегенін анықтады.

Мемлекеттік тапсырыс берілген жоқ. Өз кезегінде видеоға түсіп қалған азаматша жұмыссыз екенін, үйінде ара-тұра көршілері мен туыстарының балаларына қарайтынын түсіндірді. Алматы қалалық Білім басқармасы ата-аналарды https://balabaqsha.bilimalmaty.kz/ сайтында мемлекеттік және жеке (мемлекеттік тапсырыс алатын) балабақшалар тізімін тексеруге шақырады. Егер бала жеке мектепке дейінгі ұйымға қабылданған болса, құрылтай құжаттарын тексеріп, екіжақты келісімге қол қою қажет. Тек лицензиясы бар ұйымдарға сеніңіз", - делінген хабарламада. 

Талқылау