Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шаханов: Бізде әр ұрының кем дегенде 2-3 медалі бар, солардың қатарында болмайын деп атақтан бас тарттым

Мұхтар Шаханов Аман Тасығанның Talk like бағдарламасында қонақта болып, соңғы кезде ел талқысына түскен пікірі жайында түсіндіріп берді.

-Сіздің тарапыңызға айтылған әңгімелердің бәрінен шаршап, бұл елден кетіп, басқа қоғамда өмір сүргіңіз келмей ме?

– Мен осы елде тудым, осы елде өлем. Басқа елге кетіп қалуыма болады. Бірақ мен елімнен кетпеймін. Шет елдерде менің абыройым әлдеқайда жоғары. Өз елімде керісінше шындықты айтқаным үшін ұнамай қалып жатам.

– Өз еліңізде лайықты бағаңызды алдыңыз ба?

– Бізде адамды өлген соң ғана құрметтейді. Мені де көз жұмған соң мадақтап, құрметтейтін шығар. Баяғыда Халық қаһарманы атағын берді. Одан өзім бас тарттым. Біздің елде кез келген ұрының, түрмеде шіруі тиіс ұрының ең кем дегенде 2-3 медалі бар. Солардың қатарында болғым келмейді деп  атақтан бас тарттым”, – дейді Шаханов.

Тағы да оқыңыз:

Шаханов: Қанша елде болдым, дәл Мұқағалидің туған жеріндей дархан ауылды көрген емеспін

Мұхтар Шаханов: Басымды кесіп алсаңдар да, Махамбетті Абайдан жоғары қоям

Шаханов: Үшінші әйеліммен тұрып жатырмын, бірақ өмірде махаббат биігінде жолығатын әйелді кездестірмедім

Басы дауға қалған Мұхтар Шаханов: Шындықты айтқаным үшін кешірім сұраймын

Талқылау