Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шахматшы Жансая Әбдумәлік Бибісара Асаубаевамен ара қатынасы туралы ашық айтты

Жақында әлеуметтік желіде бір-бірін белгілеп, видео жүктеген қазақстандық қос шахматшы қыздың қандай қарым-қатынаста екені белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

©nstagram.com/zhansaya_abdumalik/ашық дереккөзден

Жансая Әбдумәлікктің оқырманы спортшыға: “Бибісарамен араласасыз ба?” деген сұрақ қойды.

Шахматшы сауалға: “Жоқ, оған мұндай қуаныш сезімін бастан өткеру бұйырмаған болар”, – деп жауап берді.

Жақында қос сопртшы Қытайдағы Азия ойындарында бірге көзге түскен болатын. Көпшілік шахматшы қыздар өзара жанжалға нүкте қойды деп топшылады.

Айта кетейік, бұған дейін Бибісара Асаубаева әріптесі Жансаяның кәсіпқойлығын сынға алып, спорттық мансабын аяқтауға кеңес берген болатын.

Сайыс барысында Бибісара әлеуметтік желідегі парақашасына Жансаямен бірге отырған видеоны жүктеді. Ал Жансая камераға күле қарап, оқырманға қол бұлғады. Аталмыш видеоны Жансая Әбдумәлік те әлеуметтік желіде жариялады.

Айта кетейік, Бибісара Асаубаева болған жағдайдан кейін қызбалыққа салынып кеткені үшін кешірім сұраған еді.

Талқылау