Шахматшы Жансая Әбдімәлік ана атанды
Фото: instagram.com/zhansaya_abdumalik
Белгілі қазақстандық шахматшы, гроссмейстер Жансая Әбдімәлік ана атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Шахматшы жүктілігі туралы тек үш күн бұрын ғана әлеуметтік желіде мәлімдеген еді.
Қазақстан шахмат федерациясы да спортшыны құттықтады.
"KazChess федерациясы еліміздің мақтанышы, гроссмейстер Жансая Әбдімәлікті ана атануымен шын жүректен құттықтайды! Отбасыңыздағы партия тек дұрыс жүрістерге, ал балаңызбен әрбір күніңіз жаңа жеңістерге толы болсын", – делінген құттықтауда.
Еске салсақ, Жансая Әбдімәлік 2023 жылы "Қазақмыс" компаниясының басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриевке тұрмысқа шыққан еді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген