Соңғы жаңалықтар

"Қанша табыс табатыным құпия": Шопан-тиктокер атанып кеткен жамбылдық жеткіншек қалай танымал болғанын айтып берді

Жамбыл облысының тумасы Әбдіқадір Наурызбек есімді тиктокер желі қолданушылары арасында танымал болып үлгерген. Сұхбатында жеткіншек өзінің қалай танымал болып кеткендігін айтып, көбіне видеоларында не түсіретінін, алдағы жоспары жайлы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Хабар 24-ке сілтеме беріп. 

Тиктокер

"Статистика бойынша, менің көрермендерім: 45% - Ресей, 40% - Қазақстан, 2 % Белоруссия, 1 % Украина.

Менің мақсатым - 1 миллион жазылушыларға дейін жету болды. Мақсатыма жеттім, енді 2 миллион жазылушыға жетпек ой бар. Видеоларды орыс тілінде түсіре бастадым, көпшілікке ұнай ма, ұнамай ма - бастапқыда білмедім", - дейді жеткіншек. 

Айтуынша, орыс тіліндегі видеолары көрермендерге қаттырақ ұнаған.

"Қыста екінші видеоны орыс тілінде салдым. Өз идеяларымды жүзеге асыра бастадым.

Өзімді кейде танымал сезініп кетемін. 1 миллион жазылушыңның барын сезінгенде ішіңде көбелектер ұшып жүрген сияқты сезім болады. Өзіңді қажет сезінесің", - дейді ол. 

Тик-ток әлеуметтік желісінде танымал болғысы келетіндерге шопан бала, бастысы жұлдызға айналып кетпеу керек дейді. 

"Мысалы, пікірлерге жауап беру керек. Бірақ мен пікірлерге жауап беріп үлгермеймін. Үйде жатсам, бәріне жауап бере алар едім. Бірақ менде мал бар. Мен не видео түсірем, не мал бағам, басқа уақытым жоқ", - дейді ол. 

Айтуынша, алдағы уақытта контентте өзгерістер болады.



"Мен өзімнің өмірімді түсіргендіктен, өзгерістерге қарай видеолар да өзгереді. Бірақ нақты айта алмаймын. Бір күнде әзіл-қалжыңы аралас 40 видео түсіремін", - дейді ол.

Оның айтуынша, негативті пікірлерге қалыпты қарайды.

"Бастапқыда ондай пікірлер көп болған, қазір азайды. Әркімнің өзінің өз пікірін білдіруіне құқығы бар. Сол үшін де пікір жазатын мүмкіндік бар", - дейді ол.

 Жеткіншек өз аккаунтында рассизм, сексизмге, адамды қорлауға орын жоқ екенін айтады.

"Жарнама көп сала бермеймін, ақша керек кезде ғана қолдануым мүмкін. Қанша табыс табатыным құпия", - дейді ол. 

Осы уақытқа дейін тиктокер фанаттарымен 5 рет кездескен.

"Соңғысына 300 адам келді. Оның бәрімен суретке түсіп үлгердім. Фотоға түсу үшін 2 сағат кетті", - дейді жеткіншек. Алдағы уақытта ол Инстаграм парақшасын дамытуды, ары қарай жазылушылар санын өсіруді мақсат етіп отырғанын айтады. 

Айта кетейік, 15 жастағы шопан TikTok-та танымалдылыққа ие болды. Жамбыл облысында тұратын жасөспірімге TikTok-та 1,8 миллионнан астам адам және Instagram-да 30 мыңға жуық адам жазылған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр