Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында сезімін білдіре алмаған мұғалім медбикені ұрлап кеткен

Анасы қызының жоғалып кеткенін айтып, полицияға шағымданған. Алайда жастар үйлену тойына дайындық үстінде болып шықты, деп хабарлайды Aktobetimes.kz.

 

Қобда ауданының Сарыбұлақ ауылында 21 жастағы мұғалім жергілікті ауруханада қызмет ететін медбикеге ғашық болып қалған. Өз сезімін білдірудің жолын таппаған жігіт сүйіктісін алып қашуға бекінген. «Алып қашу операциясы» сәтті өткенімен, біраз уақыттан соң анасы қызының жоқ екенін аңғарып, полицияға хабарласқан.

Полиция қызметкерлері көп уақыт өтпестен жастарды тапқан. Олар хаттама толтыруға кіріскенімен, бойжеткен өзін ұрлаған жігітті кешіріп, тұрмысқа шығу туралы ұсынысын қабылдаған болып шықты.

Ақтөбе облысы ІІД мәлімдеуінше, ешқандай қылмыс нышаны жоқ. Тек қыздың анасы істің анық-қанығына бармай, асығыстық жасаған.

Жіберіп алмаңыз:

Астанада полиция қызметкерлері дүкенге шатырдан енген ұрыны есік аузынан күтіп алды (видео)

БАҚ: Қызтекелерді өзіміз тәрбиелеп жатқан жоқпыз ба?

Төрде тұруы тиіс бесік неге қоқыста жатыр?

Баласын құрылыс алаңында тастап кеткен әйел сәбиін қайтарып алмақ ниетте

Талқылау