Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Сейсмолог Алматы мен Жетісу облыстарында болжанған жер сілкінісінің қаншалықты қауіпті болатыны туралы айтты

Сейсмолог Алматы мен Жетісу облыстарында болжанған жер сілкінісінің қаншалықты қауіпті болатыны туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмология институты Жетісу мен Алматы облыстарында жер сілкінісі болу қаупі туралы бұған дейін жарияланған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

"Бұл Алматы және Жетісу облыстарында болатын жер сілкіністеріне қатысты ақпарат екенін хабарлаймыз. 3-4 баллдық бұл оқиғалар осы өңірлер үшін қалыпты жағдай болып табылады. Дүрбелең тудырудың қажеті жоқ - бұл бұл бұрын болған және болашақта да болатын ұсақ жер сілкіністері. Олар адам өміріне қауіп төндірмейді", - деді ТЖМ Сейсмология институты жер қыртысының флюидті режимі зертханасының меңгерушісі Елизавета Есенжігітова.

Маманның айтуынша, 2023 жылы магнитудасы 5,5 және одан жоғары болатын жойқын жер сілкінісі болмайды.

Еске салсақ, осыған дейін жақын арада Алматы қаласында және тағы екі облыста жер сілкінісі болуы мүмкін екені туралы жазған болатынбыз.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 14 Наурыз, 2023 19:00
Талқылау