"Серуендеу мен қоғамдық орындарға барудан бас тартыңыздар": Алматы әкімдігі қала тұрғындарына үндеу жасады
Алматы әкімдігі автокөлік иелері мен қала тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Фото: Stan.kz, Алматы
Сондай-ақ, қала тұрғындарынан қазіргі уақытта серуендеуден және қоғамдық орындарға барудан бас тартуды сұраймыз”, – дейді Алматы әкімдігінде.
Бұл шаралар әр адамның жеке қауіпсіздігіне байланысты екенін комендатура ескертті.
“Құқық қорғау органдары жағдайды тұрақтандыру және заңдылықты қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауды жалғастыруда.
Қауесеттер мен фейктердің орын алуын ескере отырып, барлық қала тұрғындары мен БАҚ-тардан тек ресми ақпарат көздерін пайдалануды және оларға сүйенуді сұраймыз”, – деп қосты әкімдікте.
Талқылау

"Бор мен қағазды өзіміз сатып аламыз": Қазақстандық мұғалімдер мектеп басшылығына шағымданды
Әр өңірдің мұғалімдері мектеп қажеттілігіне қанша қаржы жинап беретінін айтып берді

Назарбаев зияткерлік мектебі мен КТЛ-ге түсе алмаған жасөспірімді әкесі ұрып-соққан: Мектеп оқушысы өзіне қол жұмсауды ойлаған
Әпкесі мұны өтпелі кезеңмен байланыстырады және ата-анасының қысым көрсетуін құптамайды