Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Серік Ибрагимовтің 4 жасар ұлы ағылшынша ән айтып, көпшілікті таңғалдырды

"Алма ағашынан алысқа түспейді". Серік Ибрагимовтің 4 жасар ұлы екі тілде ән орындап, көпшілікті таңдай қақтырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ибрагимов тұңғышы Хамзамен бірге "Түнгі Хабар" ток-шоуына қатысты. Бағдарламаның бұл саны мамандық таңдау тақырыбына арналды. 

Серіктің өзі кәсіби музыкант екенін айтты. Ол Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық өнер консерваториясы мен Қызылордадағы Қазанғап атындағы музыкалық колледжді бітірген. 

"Ән айтамын деген мақсатпен бардым. Даусым жетпей қалды, қазіргіден де жіңішке еді. – Өтпелі кезеңнен даусың өтпеген, басқа мамандықты таңда деді", – деген Серік осылайша саксофоншы болып шыққан. 

Бүгінде әншінің ұлы өнерге ынталы екенін көрсетіп үлгерген. Бағдарлама барысында 4 жасар Хамза ағылшын және орыс тілдерінде ән шырқап, көпшілікті тәнті етті. Өзі өнерге барғысы келетінін айтты. 



"Мен жалпы өнерге келмей-ақ қойсыншы деп ойлап едім. Бірақ балабақшада 2,5 жасар кезінде маған айтпай, жарысқа қатыстырып, бүкіл Алматы қаласы бойынша 1-орын алды. Сол видеосын көргеннен кейін барып, "жарайды, айта берсін" дедім", – дейді Ибрагимов.

Назгүл Әбушәріпқызы
Сәрсенбі, 02 Ақпан, 2022 09:16
Талқылау