Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Серік Ахметов соттан жазасын жеңілдетуін сұрап, артынша өтінішін қайтарып алды

ҚР экс-премьер-министрі Серік Ахметов Қарағанды сотынан бас бостандығынан айыру жазасын айыппұл жазасына өзгертуін сұрап, артынша өтінішін қайтарып алды, деп хабарлайды Қарағанды сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Серік Ахметов

Серік Ахметова 15 мамырда Қазыбек би аудандық қылмыстық істер жөніндегі сотына жазасын жеңілдету туралы өтінішхат түсірген. Құжатта Ахметовтың қорғаушысы бас бостандығынан айыру жазасын айыппұл жазасына өзгертуді сұраған. Алайда артынша қорғаушы өтінішхатты қайтарып алған. Оның бұл әрекетінің себебі хабарланбады.

«Ахметовтың қорғаушысынан жазасын жеңілдету туралы өтінішхат түсті. Алайда 23 мамырда ол соттан аталған өтінішхатты қайтаруды сұраған. Себебі қазіргі уақытта оны ұсынғысы және қолдағысы келмейтінін айтты. Сондықтан сот төрағасы Манат Жұмақаев сотталушының өтінішхатын оның өтініші бойынша қайтарды. 24 мамырда сот тиісті қаулыны шығарды», – делінеді сот хабарламасында.

Айта кетсек, Ахметовтың 3 жыл, 4 ай көлемінде жазасын өтеу мерзімі қалды.

Естеріңізге салсақ, Серік Ахметов 2014-ші жылдың қарашасында қамауға алынып, 2015-тің желтоқсанында бөтеннің мүлкін талан-таражға салды, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты және қызметін асыра пайдаланды деген баптар бойынша бас бостандығынан айырылған болатын. 10 жылға сотталған Ахметов екі жылын түрмеде өткізді. Бұған дейін Серік Ахметов өтелмеген жазасын бас бостандығын шектеу жазасына ауыстыруды өтінген еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау