Серік Ахметов 10 жылға бас бостандығынан айырылды
Сот Серік Ахметовты 10 жылға бас бостандығынан айыруға, мүлкін тәркілеп, 5 жылға дейін мемлекеттік қызметкер лауазымынан шектеуге үкім шығарды.
Фото: ИА Новости-Казахстан
Пара алды деп айыпталған Қазақстанның экс-премьер-министрі Серік Ахметов 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұған дейін мемлекет тарапынан оның 12 жылға бас бостандығынан айырылуын, мүлкін тәркілеп, жалпыға ортақ түрмеге тоғытылуды сұраған болатын.
Серік Нығметұлы Ахметовты ккінәл деп тауып, 10 жылға бас бостандығынан айыруға, мүлкін тәркілеп, 5 жылға дейін мемлекеттік қызметкер лауазымынан шектеуге үкім шығарды”, – деді сот төрешісі Исламхан Есенбаев. Қарағанды облыстық соты cудьясы Исламхан Есенбаев Серік Ахметовті 10 жылға соттауға үкім еткен соң оны күзетпен алып кетуді бұйырды.
Сонымен қатар, Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдешев 5 жылға сотталып, мүлкі тәркіленді. Қарағандының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұлов 3 жылға сотталды. «Сарыарқа әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК АҚ-ның басқарма төрағасы Ғабит Матаев 3 жыл шарты түрде бас бостандығынан айрылып, 5 жыл бойы мемлекеттік қызмет атқара алмайтын болды.
Төрт айға жуық мерзімге созылған сотта айыпталушыларға соңғы сөз берілген кезде Серік Ахметов президент Назарбаевтан кешірім сұраған.