Серік Ахметов: Мен елбасынан кешірім сұраймын!

Сәрсенбі, 9 Желтоқсан , 2015 23:22

Серік Ахметов елбасынан тағы да кешірім сұрап, өзінің кінәлі емес екенін айтты.

Серик Ахметов

Сотта айыпталушылар орнынан Қазақстанның бұрынғы премьер-министр  Серік Ахметов соңғы сөзінде елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтан “оның сенімін ақтамағаны үшін” кешірім сұрады, деп хабарлайды Новости-Казахстан.

“Мен біздің елбасымыз, ұлтымыздың көшбасшысы, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа, менің ұстазым мен ақылшыма айтарым… Нұрсұлтан Әбішұлынан, оның сенімін ақтай алмағаным үшін және уайымға салғаным үшін шын жүректен кешірім сұраймын”,  — деді Ахметов сот алдындағы соңғы сөзінде.

Алайда ол тағылып отырған айыпқа өз кінәсін мойындамады.

“Егер сот пен елбасы қатарға қосылуыма рұқсат берсе, еліміз бен президентіміздің игілігі үшін қызмет етемін. кез-келген жағдайда мен өз елім мен ұлтымыздың көсбасшысына адал боламын” деді бұрынғы премьер-министр.

Серик Ахметов в суде

 Ахметов мемлекеттік қаражаттың ірі көлемде ұрлағаны үшін айыпталуда. Сонымен қатар, ірі көлемде пара алғаны бойынша айып тағылған. Алайда  мемлекеттік айыптаушы бұл бапты алып тастады. Прокуролар  экс-премьерға мүлкін тәркілеп,  12 жыл колония өткізуін сұрап отыр.
Ахметовпен бірге Қарағанды облысы мен қаласының бұрынғы басшылары қызметтік билігін асыра пайдаланып, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін айыпталып отыр.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар