"Сенсорлы бастырма, арнайы душ пен кең бөлемелер": Шымкенттегі смарт-әжетханалар үздік деп танылды
Фото: сюжет кадрларынан
Шымкенттегі смарт дәретханалар World Toilet 2025 халықаралық саммитінде үздік деп танылды. Жоба директорының айтуынша бұл дәретханаларда сенсорлы бастырма, кең арнайы душ бөлмелер мен барлық жағдай жасалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Оtyrar.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жобаның мақсаты – қалалық әжетханаларда антисанитария болады деген көзқарасты жойып, қоғамдық санитарлық орындардың таза, қауіпсіз және баршаға қолжетімді бола алатынын көрсету.
"Гигиеналық талаптар толық ескерілген, барлығы дерлік жанаспайтын жүйе. Қол жуғыштан бастап унитазға дейін барлық элементтер сенсорлы. Бұл адаммен тікелей байланысты азайтып, гигиенаны арттырады", – деді жоба директоры Мақсат Алиханов.
Дәретханада әдемі люстралар мен душ кабиналары бар орналасқан кең бөлмелер бар. Бұл санитарлық нысандар желіде қызу талқыланып, кейбіреулер арнайы экскурсияға келген. Қазіргі таңда қалада инновациялық шешімдермен жабдықталған 5 смарт-әжетхана жұмыс істеп тұр. Алғашқы цифрлық санитарлық торап іске қосылған сәттен бастап, оларды 100 мыңнан астам адам пайдаланған.
"Идея жапон дәретханаларын көрген кезде пайда болды. Смарт-туалеттер бар, бірақ Жапонияның өзінде мұндай форматтағысы сирек", – деп қосты Мақсат Алиханов.
Қолайлы жағдай жасалса, алдағы уақытта осындай тағы 40 санитарлық торапты іске қосу жоспарланып отыр. Олар тәулік бойы жұмыс істейді. Жақын арада дәл осындай жаңа әжетхана Түркістан қаласында да ашылады.
Көптеген шымкенттіктер үшін жаңа әжетханалар нағыз жаңалық болды.
Әжетханаларда ауаны автоматты тазарту жүйесі, душ аймақтары және балаларға арналған жөргек ауыстыратын үстелдер қарастырылған. Ең бастысы – бұл жоба Шымкенттегі қоғамдық дәретханалардың қолжетімділігі мен тазалығы мәселесін шешуге мүмкіндік берді.
Әуежайда әйелдің өмірін сақтап қалған Мұса Әбдірайым – “Жыл адамы 2025” атанды