Сенсация: “Барыс” ҚХЛ көшбасшыларын сан соқтырды
Фото:Barys_official
Құрлықтық хоккей лигасының кезекті турында астаналық "Барыс" клубы күтпеген сенсация жасады. “Барыс” өз айдынында ҚХЛ-дың көшбасшы командасы "Авангардпен" өткен ойында жерлестеріміз 6:2 есебімен айқын жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Осыған дейін қатарынан алты матчта жеңіліп, турнир кестесінің соңында тұрған Михаил Кравецтің шәкірттері бұл жолы мүлде басқаша ойын деңгейін көрсетті. Ал "Авангард" болса, Шығыс конференциясында көш бастап келе жатқан фавориттердің бірі.
Матчтың алғашқы минуттарынан-ақ "Барыс" ойын тізгінін қолына алып, шабуылды үдете түсті. Алдымен Райли Уолш есеп ашса, артынан Мэйсон Морелли қарсылас қақпасын саңылау тауып, есепті 2:0-ге жеткізді.
Екінші кезеңде қонақтар сәл ширап, екі шайба соғып, таразы басын теңестіріп үлгерді. Алайда шешуші үшінші кезеңде алаң иелері қарқынын үдете түсіп, төрт бірдей шайба соқты. Майкл Веккьоне, Әділ Бекетаев, Всеволод Логвин және Дінмұхамед Қайыржан мергендік танытып, "Барысқа" маңызды жеңіс сыйлады.
Бұл нәтиже турнир кестесіне де өзгеріс енгізді. 16 ұпай жинаған “Барыс” жетінші орынға көтерілсе, "Авангард" 22 ұпаймен екінші орынға сырғыды.
Келесі матчта астаналықтар 18 қазанда өз мұз айдынында Қазанның "Ақ Барс" командасын қабылдайды.

"Қысқа мерзімді жеңілдіктер ұзақ мерзімді дағдарысқа ұласуы мүмкін": Сарапшылар Қазақстанда шұғыл енгізілетін шараларға қатысты пікір білдірді
