Тойда ән айтып, билеген Лидия Кәденова желіні жарып жатыр
Фото:
Желіде Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Лидия Кәденованың бір мерекелік жиында ән айтып, билеген видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Лидия Кәденова Сейдолла Бәйтерековтің “Түрлі екенсің” әнін орындап, әуен ырғағымен тербеле билеп шықты.
Көптен бері көпшілік алдына шықпай кеткен өнерпазды әлеуметтік желіден көрген жұрт сағынышын жасыра алмай, жылы лебізін білдіріп, пікірлерін жаудырып жатыр.
“Осы жасында мынадай дауыс, осындай қимыл өте керемет. Жасай беріңіз”, “Керемет, нағыз өнер жұлдызы”, Құрметтеймін, актриса ғой. Осы жасқа келіп билеп, қозғалғанының өзі қандай”, “Міне нағыз актриса, әп-бәрекелді”, “Тамаша айтып тұр, недеген энергия десейші”, – деп жазған олар.
Айта кетейік, бұған дейін Лидия Кәденова әріптесі Меруерт Түсіпбаеваға сырғасын шешіп бергені хабарланған еді.
"Екеуі екі-үш күн қатарынан жанжалдасып, соңы осындай болды": Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне қатысты көршілері көргендерін айтты
Динара Тілеубердиева: "Беті, қолы, арқасы, ішінің бәрі қатты жарақат алған"
"6 миллион теңгеге дейін табыс табуға болады": Ауылда мал бағып жүріп, ағылшын үйренген 16 жастағы қазақстандық жұртты тәнті етті
Исмаиль: “Бір бұқаның құны 900 мың теңге"