Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сендер ақылдысыңдар, ал біз бәріміз ақымақпыз": Шенеуніктің әрекеті Қаскелең тұрғындарының шамына тиді

Әлеуметтік желілерде шенеунік Қаскелең қаласының тұрғындарымен дөрекі сөйлесіп, темекі тұқылын жерге тастай салғаны түсірілген видео таралып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Бүгін Қаскелеңде азаматтардың наразылығы тағы да өршіп кетті.  Бір жағы - ұзақ уақыт бойы пәтерлерде қазандықтарды өз қаражатына сатып алып, орнатқан тұрғындар. Екінші жағы - әкімдік пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлері.

Бірақ әңгіме бұл туралы да емес. ТКШ қызметкеріне қараңыздар. Оның мінез-құлқына.  Өркениетті адам өзін осылай ұстауы керек пе?", - деп жазды желідегі жазба авторы.

Кадрларда, автордың сөзінше, өзін әдепсіз ұстаған қаскелеңдік шенеунік. Ол маскасын төмен түсіріп, темекі шегіп тұр. Камераны көрген шенеунік бірден маскасын көтереді.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Эхо TDK Талдыкорган (@echo_tdk) on

"Сендер ақылдысыңдар, ал біз бәріміз ақымақпыз", - дейді кадр сыртында әйел.

Фраза шенеунікке бағытталған еді, бірақ ол тек мазақ еткендей кейіп танытты. 

"Адамдармен сөйлескен кезде темекіні тастаңыз", - дейді әйел.

"Бұл табиғи нәрсе", - деп жауап береді шенеунік.

"Сіз адамдармен қалай сөйлесесіз? Ең болмағанда қандай да бір этика болуы керек", - дейді тұрғындар ашуланып.

"Демек, мен әдепсізбін", - дейді шенеунік.

Бұдан әрі шенеуніктің темекіні жерге қалай лақтырғаны көрсетілді. Бұл адамдарда тағы наразылық тудырды.

"Сіз мұнда не лақтырып жатырсыз? Үйде де солай істейсіз бе? Айыппұл төлейсіз. Сіз балалар алаңына темекі тастадыңыз. Міне ол, тұр, оған бәрібір", - дейді видео авторы.

"Мен жай ғана өз жұмысымды істеп жатырмын", - дейді ер адам.

Алматы облысының әкімдігінде оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Видеодағы өңірдің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы екен. 

"Бұл жағдай Қарасай ауданында болды.  Қаскелеңдегі Төле би көшесінің тұрғындары жылу қазандығының құрылысына бірнеше жылдан бері наразылығын білдіріп келеді. Онда ТКШ бөлімінің бас маманы Ермек Нәбиев барды. Оқиға сол кезде болған.

Қазір бұл маман түсініктеме жазды, этикалық нормалар бойынша қызметтік  тексеру ұйымдастырылады. Мәселе сол жерде шешіледі", - деді Қарасай аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әсет Нұрекенов. 

Сондай-ақ, полиция қызметкерлері Набиевке рұқсат етілмеген жерде темекі шеккені үшін айыппұл салғаны белгілі болды.

Талқылау