Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сенатор: Отанын сатқандар азаматтықтан айырылады

ҚР парламенті сенатының депутаты Дархан Қалетаев Конституцияға енгізілген өзгерістер бойынша Отанын сатқандар азаматтықтан айырылатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

25117-6-kaletaev_naznachen_dep_ru

Астанада журналистер өткен баспасөз мәслихатында осы өзгерістерге қатысты түсініктеме беруін талап етті. Заңдағы аталған өзгерістерге сәйкес, террористік қылмыстармен қатар елдің аса маңызды мүдделеріне зиян келтіргені үшін азаматтықтан айыру жазасы қарастырылған. Мұндай шешім сот үкімімен шығарылады. Журналистер «елдің аса маңызды мүдделеріне зиян келтіретін» қылмыстардың мағынасын ашып айтуды сұрады.

«Мемлекеттік опасыздық, елді сатқаны үшін», – деді сенатор Қалетаев.

Ал осыны кеңірек жазудың қажеттілігіне қатысты ол: «Конституцияда оның бәрін тәптіштеп жазудың қажеті жоқ сияқты. Себебі ондай жаза бәрібір соттың шешімімен шығарылады. Ал нақты жазаға келер болсақ, жаңа ғана айттым ғой, ол – мемлекеттік опасыздық. Бәлкім, мемлекетке ірі көлемде шығын келтіргені үшін… Енді, тағы айтамын, оны сот анықтайды», – деп атап көрсетті.

Жіберіп алмаңыз:

ҰБТ-дан қазақ тілі пәні алынып тасталды

Ақпарат министрі мүшеқаптардың жарнамасын сынға алған әйелге жауап берді

Алматыда дәрігерлер баспанасыз адамды емдеуден бас тартқан

Талқылау