Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сенат – өңірлердің палатасы": Мәулен Әшімбаев мәслихаттармен бірлескен жұмыс туралы айтты

Сенаторлар мен мәслихат депутаттары бірлесіп жұмыс істеуге тиіс. 20 маусым Ақтөбеде Президент тапсырмаларын қалай орындау керектігі жөнінде сөз болды. Өңірге жұмыс сапарымен Палата спикері Мәулен Әшімбаев бастаған сенаторлар делегациясы келді.

Парламент депутаттары Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен, дарынды жастармен, кәсіпорын жұмысшыларымен және мәслихат депутаттарымен кездесті.

"Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен елімізде кешенді реформалар іске асырылып жатыр. Соның ішінде экономиканы әртараптандыруға, өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығын дамытуға үлкен көңіл бөлінуде. Ұлттық құрылтайдың IV отырысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси бағдарына қатысты басымдықтар айқындалды. Мұның бәрі – Әділетті, Қауіпсіз, Таза, Қуатты Қазақстан құру үшін қолға алынған кешенді бастамалар. Мемлекет басшысы белгілеп берген осы міндеттерді іске асыру жолында сенаторлар мен мәслихат депутаттарының жүйелі өзара іс-қимылы мен бірлескен жұмысын әрі қарай жалғастырудың маңызы зор", – деді Сенат Төрағасы.

Өңірдің креативті жастарымен кездесуде білімді жас буынның елді жаңғырту үдерісіндегі рөліне және олардың бойына жасампаз құндылықтар мен өршіл идеяларды сіңірудің маңызына баса мән берілді.

Сонымен қатар сенаторлар озық білім беру бағдарламалары бойынша оқытатын AQBOBEK дарынды балаларға арналған мектеп-интернатына барды. Сондай-ақ мүгедектігі бар балаларға арналған "Қамқорлық" оңалту орталығының және керамогранит өнімдерін шығаратын зауыттың еңбек ұжымдарымен кездесті.

STAN.KZ
Сейсенбі, 20 Мамыр, 2025 16:51
Талқылау