"Сен супер мамасың": Жанар Айжанова қызын туған күнімен құттықтады
Белгілі әнші Жанар Айжанова қызы Айжұлдызды туған күнімен құттықтап, жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/zhanar_aizhanova/
Өнер иесі қызының бесаспап маман иесі екенін айтып, көпшілікке мақтанды.
“Тәтті қызым, туған күнің құтты болсын! Алла тілегіңді берсін! Бағың ашылсын! Назар адал жігіт болып өсіп, тек қуаныш сыйласын! Сен супер мамасың. Маған сендердің бақытты күндеріңді көріп, жаным рахаттансын. Бар қызықты бірге көруді нәсіп етсін! Менің сегіз қырлы, бір сырлы талантты ботам”, – деп жазды әнші.
-
"Опасыз, көргенсіз": Жанар Айжанова бұрынғы күйеу баласы мен құдағиын айыптады
-
Жанар Айжанова тұрмысқа шыққан кезін көрсетіп, қызының әкесі жайлы айтты
Еске салайық, өнер иесі жиен немересін жалғыз өзі бағып отырғанын айтқан еді.
“Ораза айының соңғы жұмасында таңғы тоғызда Айжұлдызым аман-есен босанып, қолыма Назарымды ұстап, бақыттан басым айнылды. Содан бері үндемей жатқаным, қызым аяғынан тұрып өзіне келсін деп едім. Мен инстаға көп шықпай қалсам, реніжеміңзер. Немеремнің исіне басым айналып, дүниенің бәрін ұмытып жатырмын. Күнде шомылдырам. Аяқ-қолын керіп жаттығу жасаймын. Бесігіне бөлеймін. Қалай таң атып, қалай батқанын да сезбей қалам. Арасында Айжұлдыздың қалжасын беріп сорпалатамын”, – деген еді өнер иесі.