Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сен кімсің маған адамгершілік туралы айтатын: Таразда басшыны видеоға түсіріп алды

Қазнетте тағы бір даулы видео пайда болды, онда бір мекеменің басшысы жұмыстан босатылған қызметкерге дөрекі сөйлегені түсірілген, – деп хабарлайды Тengrinews.kz.

Видео әлеуметтік желіде тарап жатыр.  Видео авторларының айтуынша, осы оқиға Тараза қаласындағы мемлекеттік мекемелердің бірінде болған.

Видеода қыз баланың басшысына келіп, жұмыстан неліктен босатылғаны жайлы сұрағанын байқауға болады. Қыздың айтуынша, ол еңбек демалысына шыққан кезде, заңсыз түрде жұмыстан босатылған.  Мұны естіген басшының реакциясы күрт өзгерді.

“Аузыңды жап! Сен менен не үшін жұмыстан шығарылғаныңды сұрамақпысың?! Сен көкжалқау, адамгершілік туралы маған айтпақшымысың! Мен сені қайдан көтеріп алғанымды ұмыттың ба? Сен осында отырып, ұйықтағаннан басқа ештеңе білмейтінсің. Жаз арызыңды. Сен сияқтыларды талай сындырған. Маған адамгершілік жайлы айтпайақ қой”, – деді басшы.

Айта кетейік, осы видео құзырлы органдарға тексерілуі үшін жіберілді.

Тағы да оқыңыз:

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мейрамбек Бесбаевқа хат жазды

12 жыл бірге болдық: Илья Ильин әйелімен ажырасқаны жайлы айтып берді

Өзінің гомосексуалист екенін мойындаған қазақстандық әртістерге сыйлық берілетін болды

Талқылау