Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Алланың жіберген елшісісің": Димаштың тыңдармандары әншіге жүрек тебірентер видео жолдады (видео)

Ерекше дауысымен дүние жүзін бағындырып келе жатқан Димаш Құдайбергенге деген халықтың ықыласы ерекше, махаббаты шексіз. Димаш дегенде ішкен асын жерге қойып, әншіге әркез қолдау көрсетуге дайын отандастарымыздың саны аз емес. Солардың бірі —  өнер иесінің әр жетістігіне жан-жүрегімен қуанатын алматылық Dears. Олардың күндіз-түні тілейтіні - Димаштың Санкт-Петербург және Нью-Йорк қалаларында жоспарланған концерттерінің жақсы өтуі.

Stan.kz ақпарат агенттігінің редакциясы өнер иесіне алдағы концерттеріне сәттілік, шығармашылығына шабыт тілей отырып, тыңдармандарымен бірге түсірген махаббатқа толы видеоны назарыңызға ұсынады. 

Дүние жүзіндегі мыңдаған тыңдармандарды есепке алмағанда, Димаш Құдайбергеннің өнерін жақсы көрмейтін қазақстандық кемде-кем. Еңбектеген сәбиден бастап, қаусыраған қарияға дейін барлығы Қазақстанның атын жаңғыртып жүрген әншіге дән риза. 

"Қазақтың маңдайына біткен, жалғыз, дана, дара тұлғасың. Сенің әндерің біздің жүрегімізде өте жоғары тебіреніс табады. Тек қана қазақ халқының емес, көптеген дүние жүзінің халықтары өзіңнің әндеріңнен мол күш-қуат алады. Сенің әндерің, сенің дауысың, көптеген адамдарға шипа, ем. Сен бізге Алланың берген өте жоғары елшісісің. Сенің дарындылығың елдерді біріктіріп, татуластырады. Тіпті, бір-бірін танымайтын адамдар сенің арқаңда мәңгі досқа айналады", — дейді әншінің жанкүйері Айман Исенова.

Оның сөзін жалғап, тілекке тілек қосқан жанкүйер Әйгерім Алтайқызы: "Дана жігіт Димаш, біз сені әрқашан қолдаймыз. Әрқашан сенімен біргеміз", — деп қолдау көрсететінін жеткізді.

Тағы да бір алматылық dears өнер иесінің балаларға деген махаббатына сүйсініп, мәрттік танытқан кезін есіне алды. "Игі істер Димаштан басталады. Димаш The World's best жобасында жас балалармен сайысқа түспей, ерлік көрсетті, — деді Дария Қожахметова. 

Алина Әбдірахманова әншінің әдемі дауысы ел жадында мәңгі қалатынына еш күмәнданбайды. "Мәңгілік дауыс иесі Димаш. Оның дауысы ғасырлар бойы ел жадында сақталып қалады. Біздің саған деген махаббатымыз шексіз", — деді бойжеткен. 

Өнер иесінің бойындағы қасиеттер тыңдармандардың  оған деген құрметінің бір себебі болып, ыстық сезіміне бастау береді десек, қателеспейміз. "Ақпейілді де ақылды, біздің Димаш. Оның үлкен-кішіге қарамай, әркімге ізгі ниетімен, үлкен құрметімен қарай білетіні жайлы сөз қозғамау мүмкін емес", — дейді Айжан Кулжан.

Димаш Құдайбергеннің әндері ерекше күйге бөлеп, қуаттандыратыны жайлы айтылар әңгіме таусылмас. Әншінің жетістіктері әр адамда биікке ұмтылуға, шыңдарды бағындыруға шабыттандырады. Шолпан Кулжанның  айтуы бойынша, жастар Димаш Құдайбергендей болуға ұмтылып, Қазақстанның атын шығаруға талпынуы керек.

"Шабыттандырушы, рух беруші, Димаш. Әрқашан біздің жүрегімізде. Жиырма бірінші ғасырда Димаштай жастар болмаса, біздің Қазақстанның атын кім шығарады?"— дейді ол. 

Тыңдармандардың әнші алдына қойған мақсатының барлығына жетсе екен деген ізгі тілегі бар. "Сенің өнерің біздің жүрегімізде. Өнерің өрге жүзсе, біздің де жетістікке жеткеніміз деп білемін", — дейді Гүлжан Дүйсенбай. 

Алматылық тыңдармандар Димашқа жақын арада Санкт-Петербург және Нью-Йорк қаласында өтетін концерттеріне сәттілік тілеп, Алматыдағы концертін тағатсыздана күтетінін айтты. 


Ескерту! Эксклюзив материалды көшіріп басу үшін редакцияның хат түріндегі рұқсаты қажет! Хат түріндегі рұқсат берілген жағдайда, эксклюзив материалды жарияланған уақытынан 24 сағаттан кейін ғана көшіруге рұқсат беріледі.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Марғау 20 минут бойы жұмыс істеп тұрған кір жуғыш мәшиненің ішінде қалып, одан аман шыққан

Мысықтың иесі оны байқамай, қондырғыны іске қосып жіберіпті

Қарағандыдағы ұрланып, кейін қаза болған баланың анасы өлім жазасын талап етіп отыр

Полиция дұрыс әрекет етсе, балам тірі жүрер еді

Нұржан Қалжан: Хайп жасап атымды шығармай-ақ қойдым

Әнші өзінің хайп қумайтындығын жасырмады

«Орыстың қыздарына мүлдем бармаймын»: Мұқасан Шахзодаев қазақ аруларын ерекше бағалайтынын айтты

Әнші оған қоса ішімдік ішетіндігін де жасырмады

Сенатор Мұрат Бақтиярұлы: Қазақстан – көпұлтты мемлекет емес

"Қазақ жерін иемденген жалғыз ұлт - қазақ"

Қазақстандықтардың шетелдік сайттардан зат сатып алуы қиындайды: Жаңа ереже 1 қаңтардан бастап іске қосылады

Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді

Мұқасан Шахзадаев: Жұбайының өзі Нұрланды мен сияқты білмейді

Отыз жылға жуық уақыт бір-бірімізді танимыз

Талдықорғанның көшелерінде бірнеше азамат көкпар ұйымдастырған (видео)

Оқиға 9 желтоқсан күні орын алған

34 жастағы филяндиялық әйел ең жас премьер-министр атанбақшы

Санна Марин жаңа қызметіне президент қол қойған соң барып кіреседі

«Әкеме тіл тигізді»: Мұқасан Шахзадаев топтың неге тарағанын ашып айтты

Арамыздағы ақша мәселесіне көз жұмған едім
Çàãðóçêà...