Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейдегі жүзден аса көше тақтайшасында Сәкен Сейфуллиннің есімі қате жазылған

Семейдегі Сәкен Сейфуллиннің есімі берілген көше тақтайшасында жазушының аты-жөнінде қате кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

Тақтайшаны жаңартқанда ақынның тегінде “л” әрпі түсіп қалған. Жауапты тұлғалар олқылықты дереу түзеуге уәде берді. Мердігер мекеме тақтайшалардың бәрін ауыстыратын болды.

“Қате байқаусызда болды. Жіберілген қатені түзеп, Сейфуллин көшесіне қайтадан тақтайша ілеміз. Конкурс ұтып алған мердігер ұйым қалпына келтіреді”, – деді Семей ТКШ бөлімінің маманы Қанатжан Жылқыбаева.


"Косметикаға және тапсырыс беріңіз": Қазақстандағы белгілі "Золотое яблоко" дүкенінің жарнамасында қате кеткен


Бұған дейін Алматыдағы сауда дүкенінің сыртқы жарнамасында қате кеткені туралы жазған едік.

Талқылау