Семейден шыққан жас ойыншы әлемнің үздік киберспортшылары қатарына енді
Фото:HTML
Қазақстандық кәсіби киберспортшы Данил "Molodoy" Голубенко әлемнің үздік ойыншылары қатарына енді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Отандасымыз Counter-Strike 2 дисциплинасы бойынша 2025 жылдың HLTV.org рейтингісінде әлемнің ең үздік ойыншыларының тізімінде 6-орынға тұрақтады.
Данил Голубенко 2025 жылы киберспорт әлемінде жоғары деңгейде өнер көрсетті. Ол бір жыл ішінде үш рет халықаралық ірі турнирлерде топ жарды.
Қыркүйек айында Данил Fissure Playground 2 жарысында және Қытайда өткен IEM Chengdu турнирінде жеңіске жетті. Екі турнирде де жерлесіміз жарыстың ең үздік ойыншысы (MVP) атанды. Бұл – киберспортта сирек кездесетін жетістік.
Мен өз елімді, өз туымды, Қазақстанды танытамын –Қазақстандық киберспортшы Данил Голубенко
Қазақстандық киберспортшы халықаралық жарыста кезекті мәрте топ жарды
Айта кетейік, Данил Голубенко Семей қаласының тумасы. Ол барған әр жарысында Қазақстанның көк туын өзімен бірге алып жүреді. 2024 жылдың 8 қаңтарында ол ТМД аймағына танымал AMKAL командасына қосылды.
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді

